- 13 ақп. 2020 00:00
- 292
Сен сатасың ба, әлде мен сатайын ба?
Қожанасыр тұздалған көкөніс сатумен айналысады. Ол керекті заттың бәрін де, тіпті есек те сатып алады. Тұздалған көкөністерді апарған үйлерде де, халық лық толған көшелердеде Қожекең «тұздалған көкөністер!» деп айқайлай бергенше, есек те қабаттасып, өзінің әдетімен ақыра жөнеліп, бөгет жасаумен болады. Тағы да бір жерге барғанда, Қожекең «тұздалған көкөніс!» дей бергенше, есек тағы да ақыра бастайды. Қожанасыр сонда шырт ашуланып:
— Әй, жолдас, тұздалған көкөністерді сен сатасың ба, әлде мен сатайын ба? — деген екен айқайлап.