Сейтқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек» мысалы
С. Оспанов. «Шыбын мен көбелек» мысалы
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: үсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап, оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау, РАФТ әдісі, Инсерт әдісі.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылардың ойын сабаққа бұру.
II. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ - жауап:
1. Сапар мен парта шығарманың қай түріне жатады?
2. Мысал деген не?
3. Сапар мен парта мысалы не жайлы?
4. Парта неге ренжіді?
5. Парта өз ойын қалай білдірді?
6. Монолог деген не?
7. Сапар өз күнәсін мойындады деп ойлайсың ба?
8. Мысалдың тәрбиелік мәні не деп ойлайсың?
III. Жаңа сабақ 1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)
2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Оспанов Сейітқұл 1955 ж 30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүнеге келген. 1977 ж Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетін бітірді. Жалын, Мектеп баспаларында, Пионер, Зерде, Парасат журналдарында, жетісу газетінде жұмыс істеді. 1994 - 2003 жж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. Қазақойл ұлттық мұнай - газ
компаниясында қызмет етті. Бәйге, Ащы қауын, тәтті қауын, Күн көтерілген
шақ атты жыр жинақтарымен Ағаш ат, Бақытты үй, Ең қызықты күнҚұлдар көтерілісі атты проза кітаптарының авторы.
Нәзік жанды бунақ денелілер 1 ақ күн өмір сүреді екен. Арасындағы ең мықтысы, 2 күнге дейін шыдаса, рекорд болып саналмақ.
— Алайда, сол 2 күннің ішінде, қолынан келгенше өз жұмысын шебер түрде атқарады. Яғни, мыңдаған гүлдерді тозаңдандырып, болашақ гүлдердің тағдырына тікелей қатысы бар екен. Бір күнде 1000 тұқымдай тастай алады. Тұқымнан құртқа, құрттан қуыршаққа айналады. Сол қуыршақтан көбелек болып шығуы да бір ғибратты әңгіме:
Егерде көбелектің сол қалыбынан шығып жатқанын көріп қалсаңыз, оның қатты қиналып жатқанына куә боласыз. Жаныңыз ашып, құрт қабынан шығып жатқан көбелекті босатып жіберсеңіз, оған тек жамандық жасаған боласыз. Кейіннен, өмірде еш ұша алмай қалатынына себепкер болып қалуыңыз әбден мүмкін.
— Көбелек, сол құрт қалыбынан шығамын деп тырысып, қиналғанда, әлсіз қанатына күш жинайды екен. Сол жиналған әлдің арқасында бір күнгі өмірінде көптеген тозаңдандыру процестерін жасайды екен. Жібек көбелектен жібек мата алынады.
Шыбынның пайдасы мен зияны туралы айту
Шын мәнінде шыбын өте лас жәндік екен. Зияндылығы өте көп, бірақ пайдаға асатын тұстары да бар. Мәселен, синантроптық шыбынның медициналық - санитарлық мәні бар. Жаз кезінде 12 - 14 күннің ішінде шыбынның жаңа ұрпағы өсіп - өніп отырады. Шетелдерде оның құрты көбейтіліп, үй құстарын жемдеуге, балық аулауға пайдаланылады. Англияның Нортхемптон округінің орталығына осы құрттарды саптатын автомат қойылған көрінеді.
- Бізде де осы мәселе қолға алына бастады. Мәселен Семейдегі құс фабрикасында жемді шыбын - құрттарымен байытып беру тәжірибеге енгізілген.
IV. Оқулықпен жұмыс: Мысалды оқушыларға оқыту.
Сұрақтарға жауап алу.
1 - топ. Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін ата?
Шыбын мен көбелек неге келіспей қалды?
2 - топ Шыбын не деп мақтанды?
Көбелекке неге халің мүшкіл деп айтты?
3 - топ Көбелек оған не деді?
Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?
Жалпы сұрақ
Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Мысалда адамдардың мақтаншақтық, тоғышарлық, жалқаулық қасиеттері сыналады.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Көз шырымын алу - ұйықтау
Қауыз - ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабығы
Жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті
Сұғанақ - ұры
Сапалақ - шыбын қорығыш құрал
Шылғи өтірік - мүлде өтірік
Жеке жұмыс
1 – топ. Ұйқас сөздерді пайдаланып көбелек туралы 1шумақ өлең құрастырады.
.............. көркімін,
.............. жүремін
.............. астында
.............. кешемін.
2 - топ. Шыбын мен көбелекке мінездеме беру
V. Бекіту Сұрақ - жауап әдісі. (СТО технологиясы)
1. Мысал не туралы?
2. Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды?
3. Шыбын не деп мақтанды?
4. Көбелек оған не деді?
5. Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың? Неге?
6. Сен Шыбынның орнында болғанда не істер едің?
7. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
VI. Үйге тапсырма беру:. Мысалды оқу, түсінік айтуға дағдылану.
VII. Бағалау Оқушының білімін бағалау.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бекжанова Эльвира Турехановна