Сіздің балаңыздың дамуы
Сіздің балаңыздың дамуы
Мақсаты: Ата - аналар мен балалар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
1. Амандасу.
2. Флеш моб
3. Ойын «Жанұя»
4. Теңіз тұздарымен жұмыстар «Арттерапия»
5. «Поезд» жаттығуы.
6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Ұйымдастыру:
1. Амандасу.
Психолог: Балалар сәлеметсіңдер ме? Бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты өзімізді таныстырамыз ба? Қолымызда тұрған әдемі гүлді бір - бірімізге тарту етіп атымызды айтамыз және бойымыздағы жақсы қасиеттерді айтып өтеміз. Балалар біз сендермен бүгін теңіз асты әлеміне саяхат жасаймыз менімен бірге саяхатқа шығасыңдар ма?
2. Әуен қойылып балалар билей бастайды психолог ақ киімді шашы өрілген немесе ала киімді шашы қысқа кім екен дегенде балалар сол баланы барып ұстауы қажет. Тұздармен жапырақтарды безендіру. Балалардың өнерлерін көріп залдан шығарып саламыз. Енді ортаға біздің ата - аналарымыз келеді. Қане сіздермен бір - бірімізбен жақын қарым - қатынаста болу үшін ойын ойнап
3. «Жанұя» ойынын ойнайық. Ойынның мақсаты ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау. (доп беру арқылы Ата - ана жауап береді). жіберейік!
4. Теңіз тұздарымен жұмыстар «Арттерапия» Балаларға түрлі - түсті боялған тұздар және кілей беріледі. Алдарына берілген суреттерден өздеріне ұнағаны бойынша таңдап тұздармен безендіреді.
5.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2 - ге саналып аламыз. 1 - номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 - номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
Ата - аналарға қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
4. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Балаңыз балабақшаға қай жылы барды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
7. «Теңіз табиғатының мінезі» релаксациялық жаттығу.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Көздеріңізді ақырын ашамыз. Қандай сезімде болдыңыздар? Не сезіндіңіздер?
Психолог: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?