Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сезім мүшелері
Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақ мақсаты:
1. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, олардың маңызы жайында түсінік қалыптастыру. Сезім мүшелерін қалай сақтауға үйрету.
2. Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: көрнекілік, топтық, сұрақ - жауап
Сабақ көрнекілігі: жайлаудағы төлдер суреттері, сезім мүшелерінің макеттері, ребус

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болады, себебі сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Ал сабағымызға сәттілік тілеп, бір - бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық.
- Денің сау болсын! Жақсы баға ал! Ұйымшыл бол т. б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар бүгінгі қонағымыздың бірі - Айдарбек. Айдарбек бізден көмек сұрай келіпті. Оның атасы мен әжесі көрші ауылға қонаққа кетіп, үйге ие болып қалуды Айдарбекке тапсырыпты. Яғни кешке таман малдарды аранға қамауды тапсырыпты.
- Қалай балалар, Айдарбекке төлдерін аранға қамауға болысамыз ба?
- Бүгінгі сабағымыздың әр тапсырмасын орындау барысында, төлдерді бір - бірден аранға қамай алатын боламыз.
Үйге берген тақырыпты қоржыннан асық алып, белгіленген номер бойынша парақшалардағы сұрақтарға жауап алу арқылы тексеріледі.
- Ас қорыту мүшелерін ата
- Тіс пен тіл қандай қызмет атқарады?
- Жұтылған ас қайда барады?
- Тісті қалай күту керек?
- Тіс неден бұзылады?
- Неліктен қолды сабындап жуу керек?

ІІІ. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс
а/ Әр топқа ребус беріп, тақырыптарын анықтату
- Мәтінді оқу
- Мәтін бойынша сұрақ айту
- Модульге салу

ІҮ. Сергіту сәті
- Екі қолың не үшін қажет?
- Елге көмек беру үшін
- Екі көзің не үшін қажет?
- Жақсыларды көру үшін
- Екі құлағың не үшін қажет?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін
- Екі аяғың не үшін қажет?
- Шетте жүрсең, елге қайтып оралу үшін.

Ү. Дәптермен жұмыс
Денсаулық туралы мақал жазу. Мағынасын ашу.

ҮІ. Пайдалы кеңестер
Өз тақырыбыңа қатысты пайдалы кеңестерді теріп оқы.
ҮІІ. Қортынды «Ертегіні жалғастыр» Айтыс ұйымдастыру.

ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді мазмұндау
ҮІІІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама