Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Туған өлке табиғаты
Мақсаты
- оқушылардың жалпы географиялық білімін дамыту, өлкенің табиғаты мен шаруашылығы туралы заңдылықтарды меңгеру, шығармашылыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа, ойлана білуге қалыптасу.
- сөйлеудегі, ойлаудағы, шеберлікке бейімдеу.
туған өлкеге деген жанашырлық таныту, құрметпен қарау.
Әдісі сұрақ - жауап, жоба қорғау, сөйлеу, дәлелдеу.
Түрі дәстүрден тыс - интеллектуалдық шоу

1 - тур
«Тікелей сұрақтар.»
Қатысып отырған екі командаға 20 сұрақтан сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауап 1 балл болып есептелінеді
2 - тур
«Тез жауап бер»
Берілген 4 тапсырманы 4 мин ішінде орындап шығу., әрбір дұрыс жауап 1 балл болып есептелінеді
3 - тур
«Тіл өнері»
Мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауап балл болып есептелінеді
4 - тур
«Шешендік өнер»
Жеребе бойынша алынған жобаны қорғау, ол 10 балдық жүйемен есептелінеді
Тақырыптары
1. «Туған қалам ертеңі»
2. «Егерде мен...»
3. «Қазақ елін әлемге танытудың жолдары»
4. «Мені елімнің болашағы алаңдатады»
5 - тур
«Көрермен көзайымы»
Әр команданы жақтаушыларға 5 сұрақ беріледі, дұрыс жауап 1 баллдан есептеліп команданың ұпайына қосылады

Екінші командаға берілетін сұрақтар тізімі
1. Екінші командаға берілетін сұрақтар тізімі
2. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендерін ата.
3. Қызылорда қаласы қандай жазықтықта орналасқан?
4. Алматы қаласы қандай тау баурайында
5. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі?
6. ҚР БҰҰ - ға қашан кірді?
7. «Алтай» сөзінің мағынасы қандай?
8. Талғар шыңы қай Тянь-Шаньның бөлігі?
9. Мұғалжар тауы өңіріндегі жыртқыш ірі аң?
10. ҚР - да қанша қорық бар?
11. Ақсу - Жабағылы қорығы қай жылы құрылды?
12. Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым?
13. Мұз басу қай дәуірде өтті?
14. «Арал теңізі» кітабын кім жазды?
15. Жердің жасы нешеде?
16. Мезозой эрасында таулар пайда болды ма?
17. Сарыарқа сөзінің мағынасы?
18. Бетпақдала деген не?
19. ҚР - да жауын - шашын көп түсетін аймақ?
20. Ең лайлы өзенді ата.

2 - тур
«Тез жауап бер»
Әрбір командаға 2 тапсырмадан беріледі

Тапсырмалар мазмұны
1. Жері ең көп жыртылған облыс, негізгі маманданған шаруашылығы, қандай дәнді дақылдар егіледі?
2. Қазақстандағы ірі полиметалл өнеркәсібі орталықтары және су электр энергиясының орталықтарын ата.
3. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған, ең қалалы аймаққа жататын облыс туралы айтып беріңіздер
4. Суармалы егіншілік Қазақстанның қандай облыстарында дамыған және қандай дақылдар егіледі?
Тікелей сұрақтар

Бірінші командаға берілетін сұрақтар, интерактивті тақтада жазулы тұр
1. ҚР - ның жер көлемі қанша?
2. Қазақтың ұсақ шоқысының екінші аты?
3. Ең ежелгі платформа қалай аталады?
4. ҚР - ның неше пайызы Европада.
5. Евразия материгінде территориясы бойынша нешінші орында?
6. ҚР - ның шекарасының ұзындығы?
7. Қазақ елі жайлы алғашқы мәлімет берген грек ғалымы?
8. «Сібірдің сызба» кітабын кім жазды?
9. Қазақстан таулары қай эрада пайда болды?
10. Қарағанды көмірі қоры жөнінен нешінші орында?
11. Темірдің қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орында?
12. Қорғасын қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орында?
13. ҚР - да көмірдің неше кен орны бар?
14. Фосфорит кені қай тауларда?
15. Жетісу Алатауының бұрынғы атауы?
16. Іле өзені бастауын қайдан алады?
17. Балқаш көлінің қай бөлігі тұзды?
18. ҚР жерінің неше пайызын шөл алып жатыр?
19. Дала зонасындағы ең ірі құс?
20. ҚР - ның ең төмен жері неше метр?

3 - тур
«Тіл өнері»
Қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру керек. Әрбір командаға төрт тапсырмадан беріледі
1. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді.
2. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.
3. Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.
4. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
5. Нан бар жерде... бар.
6.,,,, ішкен құдығыңа түкірме.
7. Қазақтардың қасиетті саны.
8. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей.... болмас.

4 - тур
«Шешендік өнер»
Жеребе бойынша тақырыптық жобаны қорғау, ол 10 балдық жүйемен есептелінеді, дайындыққа берілетін уақыт 6 мин, сөйлеуге 3 минут.
Тақырыптары
1. «Туған қалам ертеңі»
2. «Егерде мен...»
3. «Қазақ елін әлемге танытудың жолдары»
4. «Мені елімнің болашағы алаңдатады»

5 - тур
«Көрермен көзайымы» 4 - тур кезеңінде өткізіледі
Әр команданы жақтаушыларға кездейсоқ 5 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллдан есептеліп, команданың ұпайына қосылады

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама