Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары

Сынып комплекті:  3 - 2 сыныптар

Сыныбы: 3 сынып

2 сынып

Пәні:       Математика

Тақырыбы:    Разрядтан екі рет аттау, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері

1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру;

Тәрбиелік: оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

Дамытушылық: өрнектерді баған түрінде есептеу, жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру

 

-оқушыларды көбейту мен бөлудің дербес жағдайларымен таныстыру;

-оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

-кері есептер құрастыру, ауызша есептеу және жазбаша қосу және азайту дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың техналогиясы: Дамыта оқыту техналогиясының, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, мадақтау, формативтік бағалау әдістері, иллюстрация әдісі, имитация әдісі, «Ойлану», «Топтау», ІNSERT, «Т кестесі» әдістері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу

Сабақтың көрнекілігі: білім бағалау фишкалары, бейнелі суреттер, үлестірме-таратпа қағаздары

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

- Сәлеметсіздер ме оқушылар!

ә) Оқушыларды түгелдеу.

- Оқушылар, бүгін сабаққа түгел келдік пе?

(журналға белгі қою).

б)Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу

- Қанеки,  бәріміз оқу-құралдарымызды алайық!

в) Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау

- Бүгінгі сабақта біздің көңіл-күйіміздің қандай екенін білейік?

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі

  • Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, екінші дәптерлерін тарату. Алған бағаларын хабарлау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

  • Оқушылар сабақты бастамас бұрын ең әуелі біз топқа бөлініп алайық.
  • Оқушыларға стикерлер тарату. Сол бойынша топқа бөлу.
  • Сонымен біз 2 топқа бөліндік. Бірінші топ «Көбейту», екінші топ «Бөлу» тобы.
  • Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.

Әр топ өз тобының атауын қорғап шығуы керек. Ол үшін алдарыңда тұрған плакатты пайдаланыңдар.

ІV. Білімді тексеру кезеңі

  • Демек көбейту мен бөлу деген не екен балалар?
  • Дұрыс бұлар математикалық амалдар.
  • Олардың қандай қасиеттері бар?
  • Олардың компонетттері мен нәтижелерін атап берейіңдерші?

V.Жаңа сабақты баяндау кезеңі

  • Күннің ретін, тақырыпты хабарлау

ІNSERT әдісі

  • Әр топ кестені толтырып, жауаптарын оқып шығады.

Ү – «білемін»

–  - «мен үшін түсініксіз»

+ – «мен үшін жаңа ақпарат»

? – «мені таң қалдырады»

 

 

 

 

 

Мұғалімнің түсіндіруі

1-мысал. Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру.

165 · 3 = 495

495 : 3 = 165

Баған түрінде жазып көрсету, түсіндіру.

1 оқушыны тақтаға шығарып, қайта есептеу.

2-мысал. Баған түрінде жазып, есепте.

144 · 3 = 432        789 : 3 = 263

261 · 3 = 783        964 : 4 = 241

145 · 2 = 290        356 : 2 = 178

204 · 3 = 612        460 : 2 = 230

Өзіндік жұмыс

3-есеп. Есепті шығар.  

  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің түсіндіруі

4-есеп.

Р – 340 см

а – 150 см

в - ?    70 см қысқа

с - ?

Шешуі: 150 - 70 = 80

150 + 80  =  230

340 – 230 = 110

Жауабы: в – 80 см,

с – 110 см.

 

 

 

Өзіндік жұмыс

6-мысал. Сызба бойынша өрнек құрастыр, ондағы амалдардың орындалу тәртібін белгіле, есепте.

7-мысал. Есепті шығар.

8-мысал. Геометриялық фигураларды қиып, пішін құрастыру

 

Үлестіме-таратпа материалымен жұмыс.

 

Өзіндік жұмыс

1.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр:

10 : 5 =         8 : 2 =       

5 · 2 =

2 · 5 =

6 : 3 =           9 : 3 =

 

 

 

  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

Мұғалімнің түсіндіруі

1-мысал

1 · 3 = 3  

1 · 2 = 2  

1 · 4 = 4  

  • 1-ді санға көбейткенде сол

санның өзі шығады.

2-мысал

0 · 3 = 0  

0 · 2 = 0  

0 · 4 = 0  

  • 0-ді санға көбейткенде нөл

саны шығады.

Өзіндік жұмыс

3-мысал.

а) 1 · 8 = 8  

0 · 10 = 10  

1 · 9 = 9  

0 · 7 = 0

1 · 12 = 12  

0 · 25 = 25  

б) 5 : 5 = 1  

0 : 6 = 0  

4 · 1 = 4  

0 · 8 = 0  

7 · 0 = 0  

10 : 10 = 1  

Мұғалімнің түсіндіруі

4-мысал. Амалдарды орында

5-есеп.

Түсірілді – 80 қап арпа

Жұмсалды – 23 қап арпа

Жіберілді – 32 қап арпа

Қалды - ? қап арпа

Шешуі: 80 – (23+32) = 25

Жауабы: қалды – 25 қап арпа

7-есеп.

а – 5 дм

в – 6 дм

Р - ? дм

Р = 5 + 6 + 5 + 6 = 22 дм

VІ.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі

- Үлестірме-таратпа материалдарымен жұмыс

Оқушылардың жұмысын тексеру.

Қалған топтар өз бағаларын 2 жұлдыз 1 тілек арқылы білдіреді.

VІІ. Бекіту кезеңі

«Т кестесі»

Әр топ кестені толтырып, топ басшысы оқып шығады.

Неі үйрендің?

Нені үйренгің келеді?

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

  • 5 мысал 143 бет
  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту
  • 6 мысал 219 бет
  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

ІХ. Бағалау кезеңі

  • Әр топты 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы бағалау.

 

Бекетова Айгүл Маратқызы, 

Қызылорда қаласы, 

Бастауыш сынып мұғалімі.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама