Photo: Iva Muškić (https://www.pexels.com/@ivaoo) / Pexels
- 15 ақп. 2026 16:30
- 17
"Шайдоровтың жеңісі – елдің жеңісі емес": Жазушының айтқаны елді елеңдетті
Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиададағы алтын медалі қоғамда қызу талқылау тудырды. Көпшілік бұл жеңісті ұлттық жетістік ретінде қабылдаса, танымал жазушы Қанат Тілеухан мұны жеке тұлғаның еңбегі деп есептейді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке тұлғаның жеңісі
Жазушы Қанат Тілеухан өзінің Instagram парақшасында Шайдоровтың Олимпиададағы алтынын мемлекеттің немесе үкіметтің жетістігі ретінде қарастыруға болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – спортшының өз талантын еңбекпен шыңдап, қол жеткізген жеке меншік жеңісі.
«Әдетте біздің спортшылар Олимпиада шыңын бағындырса, оны ұлттың ұлы жеңісі немесе үкіметтің жетістігі деп қабылдаймыз. Ал меніңше, бұл – адамның жеке талантын еңбекпен шыңдап шыққан жеке меншік жеңісі», – дейді жазушы.
Назар аударылмаған еңбек
Қанат Тілеухан Михаил Шайдоровты көпшіліктің қазір құттықтап жатқанын, алайда бұған дейін оның есімін көп адам білмегенін атап өтті. Спортшы кішкентайынан осы спорт түрін таңдап, кәсіби дайындалып, міне, тарихи жеңіске жеткен. Жазушының пікірінше, мұндай жеңістерді өзімізге меншіктеп алуға тырысқанымен, ешкім бұл жеңіспен ортақтаспауы керек, тек қуанышын бөлісуге болады.
«Сіз қалай ойлайсыз?» – деп жазушы өз аудиториясына сауал тастады.