Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» поэмасы
Мақсаты: білімділік. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан - жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.
Түрі: Аралас
Тақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары
I Ой шақыру
II Топтастыр
III Кубизм
IV Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих
Көрнекілік: Ақынның портреті, хронологиялық кесте, плакат, маркер, сабақтың эпиграфы, интерактивті тақтамен жүргізу
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ…
Естілер көп жазады әңгімені
Жазбайды ермек үшін әлденені,
Жирентіп жаманынан, жақсыны ұғып,
Алсын деп жазады ғой өнегені.
Ш. Құдайбердиев

Жаңа сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады.
2. Топқа бөлу сандар арқылы оқушылар екі топқа бөлініп отырады
Ой шақыру.
Оқушыларға тақырып туралы бірнеше сұрақтар қойылады, сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты оқушылар өздері айтады
1) Қазақ әдебиетінде қандай ғашықтық жырларды білесіңдер?
2) Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай поэмалар жазды?
Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны
Елшілікке бару
Екі топ тақырыпты бөліп алып, өздері ізденіп, оқыған тақырыптарын топтан бір адам шығып келесі топқа әңгімелейді. (10 мин.)
Екі жұлдыз бір тілек: екі топ өзара сабақтан алған әсерлерін айта отырып екі тілек бір ұсыныс айтады

Мұғалім сөзі
Ш. Құдайбердіұлы (1858 – 1931 ж.)
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы.
“Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірінде болған.

Тақырыбы
Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық
Жанры: Эпикалық ғашықтық дастан
Негізгі кейіпкер: Еңлік пен Кебек
Әдеби бағыт: Поэзия (поэма)
Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған
Поэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора

Менің пікірім (оқушылар поэма туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады)
( Зерделейік, ойлайық, айтайық)
І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?
1. Махаббат
2. Тарих
3. Әлеуметтік өмір шындығы
4. Өз ойым
ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
1. Екі ел арасындағы дау-дамай
2. Әлеуметтік теңсіздік
3. Жер дауы
4. Өз ойым
ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?
1. Кеңгірбай
2. Заман
3. Салт - дәстүр
4. Өз ойым

Оқушылар пікірі
Ақихат Ерен: Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді. Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.
Қызайбеков Нұржан: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата - анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады. Ата - анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты. Әрбір адам дүниеге келген соң ата - анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек. Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
Дидар: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі. Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді. Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.
Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:
Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?

Кубизм стратегиясы
Тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызу
Суреттеңіз.
1. Еңлік пен Кебек бейнесін поэмадан табыңыз, автордың суреттеуі.
2. Бейнелі сөздер мен мақал – мәтелдерді табыңыз.
Салыстыру.
Венн диаграммасы арқылы “Еңлік – Кебек ” пен “Қалқаман – Мамыр ” поэмасын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен даралығын зерттеңіз.
1. Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған? Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?
2. Поэмада қандай жер атаулары мен тарихи тұлғалар есімі берілген?
Венн диаграммасы
Қызжібек Ортақ Еңлік
Сабақты қорыту
Смайлик арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды, (қызыл – 3, сары – 4, жасыл – 5)
Кері байланыс парағы
Үйге тапсырма.
Эссе “Жырдан алған әсерім”
Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама