- 08 қаң. 2020 00:00
- 252
Шәкірт
Молда үйінде піскен тауық, жұмсақ шелпек, қою қаймақты алдына алып жейін деп отырғанда, бір шәкірті кіріп келеді. Оған молда меймандостық көрсеткен болып:
— Кел, асқа қара, қалағаныңнан ауыз ти, — дейді.
Шәкірт дастарханның шетіне жайғасып отырып алады.
— Етті шелпекке орап, қаймаққа батырып ауыз тиейін, — деп асқа кірісіпті.