Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шал ақын

Шал ақын, Тілеуке Құлыкеұлы (1748—1819) — қазақ ақыны. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі Құлыке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шал ақынның өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады. Шал ақын кезінде ел өмірінен елеулі орын алған айтыс-қағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр қиялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы мол көрінеді. Бір топ жырлары «XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962). «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Алдаспан» (1971), «XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984) жинақтарында жарық көрген.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама