- 18 жел. 2019 00:00
- 213
Шалқайма
Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауыл-дастарын шақырып алып:
— Қотаныңнан шыққаның — отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге түсінеді, — дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая тыңдап, теріс пікір білдіреді.
Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады.
Тыңдап болғанның бірі:
— Көке, бұл қай күйіңіз? — дейді.
— «Еңкейгенге еңкей, ол — адамның құлы емес, шалқайғанға шалқай — ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма» — депті.
Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен.