Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Шамалар және олардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Шамалар ұғымын енгізу және ұзындық, масса, көлем шамаларының ортақ қасиеттерін білу. Масса, ұзындық, көлем ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Өлшеу нәтижелерін натурал сандармен белгілеу дағдыларын бекіту.
Сабақта “шама” ұғымы енгізіледі. “Шама” - өлшеуге болатын және өлшеген нәтижені санмен көрсетуге болатын ұғым.
Сабақта шамалардың өлшемдермен байланысты түсініктерді меңгеру үшін жаттығулар жасалады. Тәжірибелік деңгейде оқушылар төмендегідей қорытындылар жасап үйренеді:
— шамаларды өлшеуге, салыстыруға және нәтижесін сандар көмегімен көрсетуге болады;
— шамаларды өлшеу үшін өлшем таңдап алып, оның өлшенетін шамада қаншасы барын анықтауға болады;
— шамаларды олар тек бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болатыны түсінетін болады.
Сабақты өткен сабақтарда алған білімдерді еске түсіруден бастаңыз. Заттардың ұзындығын, массасын, көлемін өлшеуді бұрын қалай үйренгенін еске түсіріңіз. Масса, ұзындық, көлем — шамалар екенін, шамаларды өлшеуге, салыстыруға болатынын айтыңыз. Шамаларды өлшеп, ортақ қасиеттерін табуды ұсыныңыз. Екі шелекті және екі түрлі өлшеуіш ыдысты көрсетіңіз де, сұраңыз:
— Қай өлшеуішті пайдаланып шелекке суды тез толтыруға болады?
— Шелекті толтыру үшін қай ыдысты көбірек пайдаланады? Неге? Шаманы өлшеп, өлшем нәтижесін санмен көрсетуге болады деген қорытындылауға жетелеңіз. Егер өлшеуіш ретінде алған көлем үлкен болса, шаманы сипаттайтын сан кіші болады; егер өлшеуіш кіші болса, онда шаманы сипаттайтын сан үлкен болады деп қорытындылатыңыз.
Осы қасиетті заттың ұзындығы мен массасын өлшегенде де пайдалануға болатынын айтыңыз.
Салыстыр. Неге? Бұл тапсырма заттарды салыстыру үшін оларды бір өлшеуішпен өлшегенде ғана дұрыс нәтиже алуға болатыны туралы түсінікті бекіту мақсатында беріліп отыр.
Сұрақ қойып, әңгіме жүргізіңіз:
— Кімнің бөтелкесінің көлемі үлкен деп ойлайсыңдар? Неге?
— Қыз бен ұлдың қолдарындағы бөтелкелері бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
— Біз бөтелкелердің қайсысына көп сусын сыятынын айта аламыз ба? (Жоқ, айта алмаймыз.) Оқу - шыларға сурет бойынша өз ойларын қорытындылап айтуға мүмкіндік беріңіз.
Шамаларды бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болады деген қорытынды жасатыңыз.
Ойлан. Тапсырма оқулықтағы иллюстрация бойынша орындалады. Пішіндері әртүрлі ыдыстар берілген. Сондықтан қайсысында бұршақтың көп екенін көзбен мөлшерлеп анықтауға болмайды. Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, қалбыр ыдыста бұршақ көп болады деген қорытындыға келеді. Себебі оған бірнеше өлшеуіш ыдыстағы бұршақ сыяды.
Жауабы: қалбыр ыдыстағы бұршақ артық.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама