- 26 ақп. 2020 00:00
- 222
Шет мемлекетте ағылшын тілін қолдану үшін...
Ағылшын тілі-халықаралық қатынас тілі. Өзге мемлекетте адамдармен қарым-қатынас жасағыңыз келсе, ағылшын тілін жетік білуіңіз қажет. Ендеше мына кеңестерге құлақ салыңыз:
•Сіз ағылшын тілінің арнайы курстарына қатысып, деңгейіңіздің жоғарылағанын байқадыңыз. Алайда, өзге мемлекетте қарапайым диалогтың өзі- сізді тығырыққа тіреуі мүмкін. Осы жағдайға тап болмау үшін шет мемлекеттің мәдениетімен жетік танысыңыз. Тарихи мекендерге баруды қаласаңыз, алдын-ала дайындық жасағаныңыз жөн.
Тәжірибе жинақтаудан қорықпаңыз
Ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін тәжірибе жинақтағаныңыз дұрыс. Осы тілді жақсы меңгерген жандармен сөйлесіңіз. Есесіне қателігіңізді түзетіп, жаттыға түсесіз. Әр елдің салты мен қарым-қатынас тілі өзгеше екені рас. Тілдің құрылымын меңгергіңіз келсе, сол жердің тұрғындарымен қарым-қатынас құрыңыз. Әрине интернет желісі арқылы.
Қателіктеріңізді түзетіңіз
Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды саралап, оны жеңуге ынта қойыңыз. Арнайы диалог құрыңыз. Осы жолы сізге кесте көмегін бере алады. Кестені бөліктерге бөліп, қоғамдық ортада жиі қайталанатын диалогтарды жазыңыз және оларды жиі қайталаңыз.
•Мемлекеттің ерекше тұстарымен, дәстүрімен таныс болу артықтық етпейді.
•Шет мемлекетте адамдармен қарым-қатынас құрудан қорықпаңыз. Диалог кезінде ашық-жарқын болыңыз. Сөйлесушінің көңіл-күйін бағыңыз, қызығушылықтары жөнінде сұраңыз. Диалог соңында сөйлесуші кісіге ілтипат білдіріп, алғыс айтыңыз. Бұл-сыйластықтың белгісі.
Сонымен қатар сөйлесуші сізді түсінбесе де, қайталаудан жалықпаңыз. Егер диалог құру қиынға соқса, суреттеме мен аударманы пайдалансаңыз болады. Осы арқылы ағылшын тілін меңгеруге күш жұмсайсыз.