Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Шымкенттіктер орыс тілді мектептердің тапшылығын айтып, шағымдануда деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы.

Жаңа шағынауданға қоныс ауыстырған тұрғындар балаларын орысша оқыту үшін 5 шақырым жердегі мектепке тасуға мәжбүр болып отыр. Бірнеше ауысыммен оқитын балаларын сабаққа апарып, алып кету олар үшін бейнетке айналған.

 

Жақын маңдағы мектептер тек қазақ тілінде болғандықтан, олардың балалары бірнеше автобусқа мініп қана мектепке барып жүрген көрінеді.

Ал жоғары сынып оқушылары өздері қатынайды. Бар қиындық үйінде бірнеше бастауыш сынып оқушылары бар ата-аналарға түсіп отыр. Мәселен, Олесяның ата-анасы бұл проблема шешілмесе, отбасы қоныс аударуға мәжбүр болатынын айтып отыр.

«Мен Нұр Отанға шағымданып, едім көмектесе алмаймыз деп отыр. Бір емес, үш немерем бар, екеуі түске дейін, бірі - түстен кейін оқиды. Оларды мектепке тасу қиынға соғып отыр. Жаңа шағынауданда орысша оқытатын мектеп ашу мүмкін емес дегенге таң қалудамыз», - дейді Олесяның анасы Татьяна Огоркина.

Қалалық білім бөлімінің басшылары бұған қатысты қолдан келер дәрмен жоқ деп отыр. «Нұрсәт» шағынауданында мектептің тапшылығы бары рас деп отыр олар. Олардың айтуынша, тағы бір мектептің құрылысы жоспарда жоқ, сондықтан балаларға қатынайтын автобус беру мүмкіндігін қарастыру ғана қолдан келеді.

Шағынаудан тұрғындары автобус берілсе де қарсы емес. Олардың сұрап отырғаны - мәселені қысқа дейін шешу.

Дереккөз: nur.kz


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама