Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сағадиев швейцариялық кәсіпкерлермен бірге «Арыстан» лицейіне барды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» Қоғамдық қорының директоры Динара Құлыбаева Алматы облысындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейін аралады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне Е.Сағадиев және Д.Құлыбаева швейцариялық кәсіпкерлерді алып барды. Қонақтарды салтанатты түрде әскери дәстүр бойынша лицей басшысы, запастағы генерал-майор Сәбит Тауланов қарсы алды.

Меймандар білім ошағының күнделікті өмірі, оқушылардың сабаққа қатысуы мен шығармашылық қабілетін бағалады.

Лицей «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры негізінде ашылған. Ол Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылында орналасқан. Қайырымдылық негізінде мұнда Қазақстанның барлық аймағынан келген 9-11 сынып аралығындағы 240 ер бала оқиды.

Биыл жыл басында, қаңтар айында лицей өзінің 5 жылдығын атап өтті. Лицейдің түлектері қазақстандық және шетелдік әскери оқу мекемелерінде оқуларын табысты жалғастырып жатыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама