- 09 нау. 2021 00:00
- 256
Шыңғыс Айтматов "Қош бол Гүлсары"
Бұл көркем туындыда Танабай мен Гүлсарының өмірі баяндалады. Қарт адам мен қарт жылқының қамшының сабындай қысқа өміріндегі қызығы мен шыжығы мол достықтары баяндалады.Əңгіме жол үстінен өрбиді.Жолшыбай келе жатқан екі достың өмірлері естелік болып санада пайда бола бастайды.Танабайдың алғаш рет Гүлсарыны қалай жолықтырғаны баяндалады.Оны күтіп-баптап,жорғалардың қатарына қосқаны айтылады.Ең алғашқы шабысынан-ақ Гүлсарының бабы мен бағы жанғаны суреттеледі.Бірақ,Гүлсары үкіметтің жылқысы болғасын жоғарғы билік өкілдері оны алып кетті.Гүлсары десе адамдардың аузынан суы ағып,көз алдына жүйрік пырақты əспеттейтін.Екі дос екі жаққа кеткен соң,өзінше өмірлері басталады.Танабай мал бағып кетеді.Досынан айрылған жүрегі шыдамай ол партбилетін табыстайды.Осылайша,оның Шора досыда өмірден озады.Гүлсары да,Танабай да аз қиыншылық көрген жоқ.Екеуі ешкімге керек болмай қалған кезінде қайтадан жолығады.Міне,осылай жол үстінде тұлпар өмірден озып,трагедиямен аяқталады.
Гүлсарының шабысындай өткен өмірде қиыншылық та,қуаныш та болады.Жылқының адам баласымен достығының дəлелі бола білген туынды.Сол кездегі жүйрік жылқының тағдыры арқылы қоғамдық-əлеуметтік болмысты тереңінен көрсеткен.
Авторы:Тұрғанбек Бибіфатима