- 30 қар. 2021 00:00
- 235
Шортанбайдың «Жиырма бес» әні
Қазақ әні мені қай жерге, қай қиырға апармады. Әлі де... әлі де жол үстіндемін. Тағы да бір үзік сырды айтқалы отырмын. Шыңжаң қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлы коп толғандыра беретін-ді. Ол Алматыға бір-екі рет келді. Сол күндерде көп шырқаған әннің бірі — беймәлім «Жиырма бес» еді.
Ал бір күні Алматыда бір отырыс үстінде осы «Жиырма бестің» сезін айтып отырғанымда, жазушы Әнес Сараев тебірене сөйлеп: «Мен дәл осы нұсқаны Ақмола жағында қайын жұртыма барған бір сапарымда сондағы бір көне көздердің «оу, бұл Шортанбайдың әні ғой» деген сөзін естідім» деді. Бұл — ойландыратын сөз. Қатыгез мезгілден қанша қиястық көрсе де, Шортанбай түгіл олардың ар жағындағы ірілер Бұқар жырау, Ақтамберділердің толғаулары ұмытылды ма, ұмытылмады ғой. Шортанбайдың сөзі де — дуалы сөз. Ол да ел жүрегінде. Асылы, ел тегін сөйлемейді. Осы «Жиырма бестің» әр шумағы үзіліп түскен гауһардай кәдімгі қара өлең боп, әр кез оқыс айтылып та жүрді ғой. Ал, енді қаракөз Шыңжаңның асқақ әншісі Хамит оны тұтас бір толғау етіп таңғалдырады. Оны осы қалпында Шортанбайдың «Жиырма бесі» десе, өз асылын өзіне қимайтын жұрт «жоқ» деп бас шайқар ма екен, қайтер екен, неғылса да бұл — Шортанбайдың үһілеген зор рухының шаршау, әм құштар лебін сездіретін бір тылсым дүние. Бір ғажабы, Хамит Шортанбайдың бүл әнін Қазақстаннан алып қайтып едім деді. Хамитпен Үрімшіде жүздесуім 1993 жылдың ақпан айы еді.
Сырт қарағанда, осы егіз шумақтарды шұбырта беруге болатын сияқты. Толғаудың табиғаты солай ғой. Ал, Хамит әнші бар салмақты, терең ойды сегіз шумаққа толымды етіп, оны бүкіл әмірінің өзегіне айналдырып, «Өлген соң жылағанның керегі не» деп, өзінің де, өзгенің де баркын айтып бітіреді әнді.
Осы сегіз шумақтың әр шумағы дәстүрлі қара өлең боп, өзінше дербес өмір сүре береді. Өйткені, бір шумақ бір - бір ой. Бір ғажабы, бұл сегіз шумақ бір көкіректен бір-ақ ақтарылған ой толқындары секілді тұтас бір дүние. Ол көне фольклорлық нұсқадан гөрі ойшыл ақын, пе сал - серінің толғанысына ұқсайды. Жүйелі ой тізбегі парасат тұжырымына тіреліп тоқтайды. Айтам дегенін айтып тынады. Бор - бәрін жиырма бестей тәтті, арманды дәуреннің мезгілімен өлшеп, ой таразысына салады.
Ән қайырмасының өлшемі, құрылысы Арқаға ғана аян «Жиырма бестің» тосын нұсқасын танытқандай болады.