Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау
Түрі: әдеби монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал - мәтелдер
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөзі
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай "аялы алақан" орталығының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне би.
Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.

Нұрбек
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Фариза
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Ақсұлтан
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Еңлік
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)
2 шарт орындалады.
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.
Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
Ортада қазақ биімен ________ Сатпай Саяла____________ қыздарыңызды қабыл алыңыздар.
Ал енді балаларымыздың дайындаған қысқаша бейне таспаларын қабыл алыңыздар.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№5 орта мектебінде логопеді Кокенова Еркежан

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама