Ана – тіршілік тірегі
Ана – тіршілік тірегі (8 наурыз!)
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы.
Кіріспе:
1 жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты аналар, қыздар және мұғалімдер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2 - жүргізуші. Кешімізді «Көктем» әнімен ашайық.
Ән: Көктем.
1 - жүргізуші.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2 - жүргізуші. Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі сынып жетекшіміз Айсұлу Жұмабайқызына беріледі.
1 - оқушы. Ержан
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
2 - оқушы. Жанару.
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың - дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
1 - жүргізуші. Абзал аналарымыздың құрметіне Адель мен Меруерттің орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым»
2 - жүргізуші. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған
Меруерт, Дамир және Алдияр, Ержан, Әселдің орындауындағы «Апатайым, анашым» атты әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Апатайым анашым»
1 - жүргізуші. Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб
Би: флешмоб.
2 - жүргізуші. «Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Сондай отбасының данасы, қариясы болады. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ендеше келесі құттықтау сөздері әжелерімізге арналады.
3 - оқушы
Әжетайым, әжешім,
Ең ардақты, ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес, ақ әжем.
Аман - есен жүріңізші,
Бар тілегім, сол әжем!
4 - оқушы
Әжем - ақыл бесігі,
Мейіріммен тербеткен.
Менде ақылды боламын,
Аман - есен ержетсем.
Ән: «Әже»
1 - жүргізуші.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
2 - жүргізуші.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Әсел, Нұрсұлтан және Меруерттің домбырамен «Кеңес»күй ойнап береді.
Күй: «Кеңес»
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса Әсел, Диана Нұрсұлтан және Нияздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
5 - оқушы
6 - оқушы
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
7 - оқушы
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
8 - оқушы
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
1 - жүргізуші.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Көрініс «Үш ұл»
Автор. Екі әйел құдықтан су тартып тұр екен. Қарт адам шаршап құдықтың жанында дем алып тұрады. Бұлардың қасына тағы бір әйел келеді.
1 ана. Менің ұлым батыр да күшті. Төбелесе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді.
2ана. Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді.
Автор. Үшінші әйел үндемей тұрады.
Ата. Ал сенің балаңның қандай өнері бар?
3ана. Не айтайын, менің баламның ешқандай ерекшелігі, өнері жоқ.
Автор. Әйелдер шелектерін алып, үйлеріне қарай беттейді. Ал бірінші және екінші ананың ұлдары жандарынан жүгіріп өте шығады. Үшінші ананың баласы жүгіріп келіп.
3ұл. Ана, әкел мен көтерейін.
1 - 2 ана бірге. Қалай ата, біздің балаларымыз сізге ұнады ма?
Ата. Қайдағы балалар. Мен тек бір ғана баланы көріп тұрмын.
1 - жүргізуші. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Ән: Ақ мамам.
1 - жүргізуші. Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
2 - жүргізуші.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!
Ана – тіршілік тірегі. жүктеу