Photo: Radis B (https://www.pexels.com/@radis) / Pexels
- 28 ақп. 2026 07:30
- 185
Шымкентте қарт кісіден сібір жарасы анықталды
Шымкент қаласында 75 жастағы ер адамнан сібір жарасы ауруы анықталды. Қазір науқас ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауруханадағы жағдай
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, науқас стационарға түскеннен кейін толық тексеруден өтті. Лабораториялық және аспаптық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде жұқпалы ауру диагнозы расталды. Қазіргі уақытта емдеу бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Инфекцияның таралуы
Мамандар инфекцияның таралуының ықтимал жолдарын анықтауға кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қала тұрғыны базардан сатып алған еттен жұқтыруы мүмкін.
Айта кетейік, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық көрсеткіштер бойынша Шымкент республикада сібір жарасымен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз аймақтардың бірі болып саналады.