Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
Сыныптан тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі керек.
3. Сыныпта тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында өтуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
Еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.
Талабы:
- Оқушы қабілетін ескеру
- білім мен тәрбиенің өзара байланысы
- оқушының ой еркіндігі.
Күтілетін нәтиже.
- жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға үйренеді
- орындау тәртібін түсінеді
- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға үйренеді
- өз жұмысына қорытынды жасауға үйренеді
- тіл байлығы мен ойлау қабілеті артады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері:
Тіл ширатуға Есеп дағдыларын жетілдіруге Зейінді шоғырландыруға Тапқырлығы мен дүние танымын арттыруға Кеңістіктегі қиялын дамытуға және қисынды ойлауды жетілдіруге
Математикалық санамақтар, жаңылтпаштар, мақал мәтелдер Лабиринт - тер, сиқырлы фигуралар, арифмети - калық шытырмандар, танграмдар Фигуралар санын анықта, айырмашылығын тап, үзбей жүргіз, ұқсастығын тап Жұмбақтар, өлең есептер, математикалық фокустар, сөз жұмбақ - тар, логика - лық есептер Геометрия - лық конструкторлар, мозайка бөлшектерін табу, ребустар, арифметика - лық ребустар таяқшалардан фигура құрастыру, сөзжұмбақтар
Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский:”Мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оның толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау, әрбір оқушының дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу” деген.
Бала өмірге қандай дарынмен келсе де оқусыз, шығармашылықсыз дамуы мүмкін емес.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой өрісін кеңейтеді. Мұғалім үнемі оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, білімге құштарлығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Ал қызығуды тудырудың әдіс - тәсілдері өте көп. Олар сабақ барысындағы: жарыстар, эстафеталар, олимпиадалар, т. б. Егер оқушы сабаққа қызықса, білімді игеру оңай және ғылымға құрмет сезімі қалыптасады. Сондықтан заман талабына сәйкес оқу үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұраныстарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқушының шығармашылық іс - әрекетін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Кейінгі жылдары Қазақстанда әртүрлі математикалық олимпиадалар өткізіле бастады. Дәстүрлі, дәстүрлі емес, сырттай т. с. с. Дәстүрлі олимпиадалар ереже бойынша бес кезеңмен өткізіледі: мектепішілік, аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық. Кейінгі жылдары оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын 3 - 10 сыныптар арасында республикалық және аймақтық:“Ақбота”, “Кенгуру” сияқты түрлі математикалық конкурстар өтіп жүр.
Математикалық олимпиадалар оқушылардың ішінен математикалық таланттарды іріктеп алу үшін жүргізіледі.
Оқушылар арасында ең бірінші математикалық олимпиада 1894 жылы Венгрияда өтті. ТМД елдерінің ішінде ең бірінші олимпиада 1934 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өтті. Қазақстан бойынша тұңғыш математикалық олимпиада 1963 жылы Алматы қаласында өтті.
Оқушыларды олимпиадаға дайындауға арналған нұсқаулар:
Математикалық олимпиадаларда негізінен стандарттан тыс, шығармашылық ойлаулары жоғары, математикаға бейімділігі жоғары, математиканы тереңдетіп оқитын оқушылар ғана жеңіске жете алады. Олай болса, оқушыларды олимпиадаға дайындаудың бір жолы: оқушылардың математикаға бейімділігін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
Оқушылардың математикаға бейімділігін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру үшін сабақта не істеу керек?
- Сабақта мұғалім проблема тудыра білу керек, яғни негізгі есептерді шығарып болған соң, оқушыларға стандарттан тыс есеп беру керек.
- Берілген есепке ұқсас есеп тауып келуге немесе есеп ойлап табуға тапсырма беру керек.
- С тобындағы есептерді шығаруға кеңес беру керек.
Математикадан мықты оқушыны даярлау үшін, әрине “дара” жұмыс жүргізілуі керек.