Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мағжан - сыршыл ақын
Сабақтың тақырыбы: Мағжан - сыршыл ақын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:- Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен ақынның суретшіл, нәзік үнді, таза жүректі жырларының ерекшелігі мен мәнін ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды ақын өлеңдерінің эстетикалық - рухани құндылықтарымен таныстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту барысында өлеңнің негізгі идеясы, көркемдігіне талдай білуге, өзге құбылыстармен салыстыра алуға жағдай жасау
Тәрбиелік:- Поэзияға деген сүйіспеншілікке, өзін - өзі бағалай білуге баулу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың типі: танымдық - шығармашылық
Сабақтың әдіс - тәсілі: талдау, жинақтау, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, СТО, ішінара ізденіс, ой толғау
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта
Пәнаралық байланысы: әлем әдебиеті, орыс әдебиеті, тіл білімі
Пайдаланылған әдебиеттер: А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш», « Бес арыс» Қазақ әдебиеті 1991ж. А. Фет. В. Маяковский шығармалары.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білімді жан - жақты тексеру. «Талапкер ойыны»
1. Мағжанның туған жері
2. Мағжанның бабалары
3. Ақын дәріс алған молдалар
4. Қызылжар медресесінде қай молдадан дәріс алды?
5. Қай жылдары Уфа қаласындағы медреседе оқыды?
6. Татар халқының ұлы жазушысы кім еді?
7. Қашан Міржақып Дулатовпен кездесті?
8. «Бостандық туы»газетінде редактор болған жылы?
9. Қай жылы Ташкентте қазақ - қырғыз институтында сабақ берді?
10. Мәскеуде қай баспада аудармашы болады?
11. 1929 жылы қай жерге жер аударылды?
12. Досы башқұрт ақынын ата.
13. Алғашқы жыр жинағы қалай аталады?
14. Қандай поэмалары бар?
3. «Мағжанның көркем сөз өрнегі» Профессор Шериаздан Елеукеновтің: «Әдебиет идеясы өмірден туындайды. Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дүниетанымына сәйкес құйылады, саяси философиялық, эстетикалық тұрғысына қарай өріледі. Тіл ғана пайдалы, басқасының міні жоқ деуге келмейді. Әдебиеттің бір ғана таптың меншіктеуіне көне бермейтіні көркем идеяның тек саяси көзқарастан туындайтынында болса керек»,- деген ойы поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы дүниесін кейінгіге аманат еткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын талдауға мұрындық болмақ.
Әрбір ірі жазушының шеберлігі көбіне көп оның шығармасынан көрінеді. Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісі деуімізге болады.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдарда Мағжан жырлары орыс жырының алыптарымен, әсіресе, Блок пен Есенин, Ахматова мен Цветаева және Мережковский өлеңдерімен үндестік табады. Александр Блок секілді: Жиырмасыншы, отызыншы жылдарда Мағжан жырлары орыс жырының алыптарымен, әсіресе, Блок пен Есенин, Ахматова мен Цветаева және Мережковский өлеңдерімен үндестік табады. Александр Блок секілді:
«Әдемі әйел»- идеал
«Әдемі әйел»- бір қиял
Блоктың басын байлаған
«Әдемі әйел»- бір гүл,
Блок – бір бұлбұл
Блок бұлбұл сайраған немесе
Жұмақтағы жібек желден
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Азға емес, тым ұзаққа
Кез болыпты – ішіпті у.
Әйел атын Гүлсім дейді.
Тұрмыс атын тылсым дейді – деп жырлайды.
Мағжанның тағы бір ерекшелігі - Мағжанның қазақ поэзиясына ең бірінші Байронизм дағдысын кіргізген. Байронизм поэма жазудағы романтикалық дәстүр «Мені де, өлім, әлдиле» деп Бальмонтша жазған өлеңі сол уақыттағы қазақ поэзиясы үшін тың нәрсе еді, түсінгеннен түңіліп қашқандар көп болды. Мағжанның мұңлы әуезін әріден байқамай қашты. Мағжан қысқа ғұмырында оқушысын шошытатын бірде - бір жол жазған жоқ еді. Мағжан үйренген орыс символистерінің, сентименталистерінің артында Европаның үздік ойшылдары, ағартушылары, ақын жазушылары тұр еді. Данте, Петрарка, Байрон, Верлен, Верхарн, Роллан, Аполиннер тұр еді. Осылардың ішінде, әсіресе, біздің Мағжанға жақыны француздың Поль Верлені еді.
Мағжан «Біраз Фетше», «Александр Блок», «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңдерін сол символизммен әуестеніп жүрген кезінде жазса керек. Сөз жоқ, нәзік жанды сыршыл ақын Фетті сүйіп оқыған. Ал Фет - XIX ғасыр маңдайына біткен орыс лириктерінің озықтарының бірі еді. Ол - табиғат, адам өмірін, сұлулық пен махаббатты жырлаған ақын.
Ал «дыбыстан сурет жасауды» Мағжан символистерден үйренді, үйренгені өзіне де, өзгеге де әсер етті. Алайда, албырт ақын дыбыс қуып кеткен жоқ, дыбыстың ішінен мән іздеді, мәнісін тапты. Ендеше Мағжан өлеңдерінің тіл көркемдігіне талдау жасап көрейік.
Әр топ берілген өлең жолдарындағы көркемдік өрнектеріне қарай талдайды.
Мысалы:
1. Хор сипатты қарындас
Оттай сұлу, ыстық жас
Мен – көбелек, сен – бір шам
2. Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып
Көкшетауды тұр сүйіп.
3. Ботакөз, сиқырлы көз Гүлсім ханым
Әр жерде өткізсек те өмір таңын
Гүлсім - күн, көкте ақырын жүзе біледі,
Сүйдіріп, күйдіргенін қайдан білсін!
4. Махаббат – бір тікенек
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек, төгер жас!
5. Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің құшағымда Гүл болды
Бүгін түн маған алтын Күн еді,
Бүгін менің құшағымда Күн болды
6. Келші, көзім, күн бетіңді көрейін
Сүйші, сәулем, тұншығып бір мен өлейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей
Жұлдызды – жүзік, Айдай алқа ғып берейін
Не деген сұлулық! Не деген тұнып тұрған көркемдік. Ақын тілінің шырайлылығы өзі қолданған эпитет, теңеу, метафора, қайталаулар, аллитерациялық құбылыстар. Дәл осындай сөз өрнегін жасау қазақ поэзиясында Мағжан өлеңінің ішкі және сыртқы

4. Мағжанша (жыр арнау)
Қорыта келгенде, Абай қазақ поэзиясын әлемдік поэзия деңгейіне көтерсе, Мағжан бұл деңгейді одан әрі биіктетті. Қазақ әдебиеті кестесіне романтизм күйше күмбірлетті. Мағжан поэзиясындағы тақырыптардың бірі - өмір мен өлім, тіршілік пен ажал шайқасы, екеуінің бетпе-бет келуі. Данте, Гете сарындары, Байрон, Пушкин, Лермонтов әуездері, Блок, Фет, Мережовский ырғақтары түйісіп, тоғысып келіп, қазақ ақынының қайғысына қайғы қосып, жүрегін тербеп, жаңа, сыны, бой түршігерлік күйлер тудырған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама