Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариі
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып сахнаға екі жүргізуші келіп тұрады).
1 - жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
2 - жүргізуші Құрметті қонақтар «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кешке қош келдіңіздер!
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Ортаға 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары шығып құттықтау өлеңдерін оқиды және хор ән орындайды.
1 - жүргізуші: Құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Жан жүрегі елжірейді ананың,
Тек бақытын тілейтұғын баланың.
Мейірім мен нұрын төккен аналар
Тыныштығын қалайды да ғаламның - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры... (Нургалиева М. Д) береміз.
2 - жүргізуші: Бекарыс сен қалай ойлайсың осы кештің көңілді өтуі кімге байланысты?
1 - жүргізуші: Әрине бізге, осы залда отырған көрермендерге және оқушыларға
2 - жүргізуші: Олай болса кешіміздің көңілді бөлімі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын тағайындап алайық.
1 - жүргізуші: Айпақшы Мадина қандай сайыс ән би өнерсіз болмақ?
2 - жүргізуші: Дұрыс айтасың қазақ халқы өнерліні құрметтеген. Сол өнер жұлдыздарын тәрбиелеген кімдер?
1 - жүргізуші: Әлбетте аналары!
2 - жүргізуші: Олай болса ортаға болашақ өнер жұлдыздарын шақырамыз «Болмасаңда ұқсап бақ» сүйікті әншілеріне Пародия жасау
Бекерыс: ортада 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары
1 - жүргізуші: Қандай тамаша! Қазылар алқасынан сайыс барысында алдарыңыздағы парақтарыңызға
2 - жүргізуші: Бекарыс біз білеміз ананың балаға деген махаббаты шексіз екенін, ағаттық жасап жатсақ үнемі кешіріп қолдап жүреді. Ал баласы анасына деген сүйіспеншілігін қалай білдірмек
1 - жүргізуші: Анасын сыйлап айтқан тілін алып
2 - жүргізуші: Ия келісемін тағыда?
1 - жүргізуші: Көптеген ақын жазушыларымыз аналарына өлең жолдарын, әндерін арнаған қазақ халқы ақын жанды халықпыз
2 - жүргізуші: О, Ана асыл ана, ғасыр ана
Пәк жаным саған қарап асыға ма
Ақын боп жазғаным жоқ мен өлеңді
Балалық махаббаттың басы ғана дей келе болашақта мектебіміздің даңқын асқақтатар ақын оқушыларымызға сөз береміз. «Анаға арнау»
Мадина: ортада 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары
1 - жүргізуші: ой бірекелді, біздің мектебімізде дарынды оқушылардың бары көңілімізге қуаныш ұялатады.
2 - жүргізуші: Ия менде мақтан тұтамын бірақ жігітке жеті өнер де аз деген оқушыларымыз заман талабына сай тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетеді. Қазіргі тілмен айтқанда «Лайфхак» арнай берілген заттардан аналарына сыйлық жасайды. \10 мин уақыт беріледі\
1 - жүргізуші: Сайыскерлер бұйымдарын дайындағанша кеш қонақтарымен ойын ойнайық
Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер толықтырасыздар.
Бекбарыс: Әке көрген оқ жонар.........
Шеше көрген тон пішер
Мадина: Ағайын — алтау,......
Ана — біреу.
  Бекбарыс: Ата - ананың қарызы,......
Ұрпақтың өмірлік парызы.
Мадина: Анасы бардың панасы бар,.......
Анасы жоқтың көз жасы бар.
  Бекбарыс: Ата - ананың қадірін.....
балалы болғанда білерсің.
Мадина: Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
2 - жүргізуші: Келесі кезекте оқушыларымыздан құттықтауды қабыл алыңыздар!
Сабыр Р - 7 «А»
Нұрмұхамедқызы Н - 9 «А»
Бекболат Е - 11 «А»
Әмірбек Ж - 9 «А»
1 - жүргізуші: сайыскерлеріміз дайын болса жасаған бұйымдарыңызды қазылар алқасына көрсетіңіздер
2 - жүргізуші: Маған бүгінгі кеш ұнап жатыр оқушыларымыз өздерінің түрлі қырларын көрсетуде.
1 - жүргізуші: Мадина мың бұралған биші қыздарымыз бен сымбатты жігіттеріміздің биін тамашаламай бұл кештің сәні болама?
2 - жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті бишілерге береміз.
«Көктем вальсі» қабыл алыңыздар! 5, 6, 7, 8, 9, 10 оқушылары
1 - жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
1 - жүргізуші: Ендігі кезекте әділ қазылар алқасына сөз береміз. Қазылар шешімін шығарғанша оқушылар ұстаздарыңызға құттықтау открыткаларыңызды берсеңіздер болады
2 - жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама