Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сіз киноға жиі барасыз ба?
Сынып: 7
Тақырыбы: Сіз киноға жиі барасыз ба?

Мақсаты: 1. Оқушылардың сүйікті істері жайлы айтқыза отырып, кино жанрын айыра алуға баулу;
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту; ақпараттық - коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру;
3. Кино өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: айтылым, оқылым, тілдесім, жазылым
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой шақыру. Берілген сөздермен сөз тіркесі мен бірнеше сөйлемдер құрастырыңдар: ересек, қызыл зал, көк зал, басты рөл, қатар, махаббат қызық, қорқынышты, шытырман оқиғалы, фантастикалық; басты рөлде ойнау, фильм көру;
ІҮ. Оқылым (сөздік жұмысы)
Сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс
Ү. Қараңыз, суреттерге қарап сөйлеңіз. Айтылым
Үлгі: Мен суреттерде Алматы кинотеатрларын көріп тұрмын. Мынау – «Алатау» кинотеатры...

ҮІ. Сұрақтарға жауап беріңіз. Тілдесім
1.- Сіз киноға жиі барасыз ба?
- Иә, мен киноға жиі барамын/бармаймын. Мен киноға күнде /апта сайын/ай сайын барамын.
2. - Сіз киноға баруды жақсы көресіз бе?
- Иә, мен киноға баруды жақсы көремін/жақсы көрмеймін.
3. - Сіз қандай киноны ұнатасыз?
- Мен тарихи киноны ұнатамын/ұнатпаймын...
4.- Сіздің сүйікті фильміңіз бар ма?
- Менің сүйікті фильмім бар/жоқ. Оның аты...

ҮІІ. Орыс тіліндегі сөздерді қазақ сөздерімен сәйкестендір. Жазылым
1. взрослый а) балалар
2. детский ә) тарихи
3. исторический б) ересек
4. красный зал в) басты рөлде ойнау
5. синий зал г) басты рөл
6. главная роль д) қатар
7. играть в главной роли е) көк зал
8. ряд ж) шытырман оқиғалы
9. приключенческий з) қорқынышты фильм
10. фильм ужасов и) қызыл зал

2. Сізге қандай кино ұнайды? сыныптасыңа айтыңыз.
------------------ шытырман оқиғалы
Үлгі: ----------- махаббат туралы

Маған -------- тарихи кино ұнайды/ұнамайды
----------------- фантастикалық
----------------- қорқынышты

ҮІІІ. Сұхбатты қайта тыңдаңыз, сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз. Тілдесім
Бекіту:
1. Бүгін «Арман» кинотеатрында бір қызық шытырман оқиғалы кино болады.
2. Ендеше (тогда) ертең «Қыз Жібекке» барайық!
3. Айман, бүгін киноға барайық.
4. Қандай тамаша! «Қыз Жібек» - менің сүйікті фильмім.
5. Қандай киноға?
6. Маған шытырман оқиғалы кино ұнамайды. Маған махаббат туралы кино ұнайды.
7. Ертең «Алатау» кинотеатрында «Қыз Жібек» болады

ІХ. Үйге: «Менің сүйікті фильмдерім» тақырыбына монолог дайындап келу
ХІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама