Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 31 нау. 2026 03:30
- 23
"Сіздер білмейтін мәселе бар": BayanSulu әндерінің авторын неге сотқа сүйрегені белгілі болды
Әнші BayanSulu әлеуметтік желіде өзінің шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтып, әндерінің авторы Қуат Әбіловпен арадағы даудың себебін түсіндірді. Ол авторды жалған ақпарат таратты деп айыптап, заң жүзінде шара қолданатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Автордың айыптауына жауап
BayanSulu Қуат Әбіловтің өзіне жолдаған бейнежазбасында жалған ақпарат таратылғанын айтты. Әншінің сөзінше, автор көрсеткен құжаттар әнге еш қатысы жоқ, олар оның жеке құқығын қорғауға арналған.
«Ол кісіге жалған ақпарат таратқаны үшін заң жүзінде шара қолданамыз», - деді әнші.
Әндер үшін төлем және келісімшарт мәселесі
Әнші әндердің төлемін жасаудан ешқашан бас тартпағанын, бірақ келісілген бағадан үш есе ұлғайып кеткендіктен төлей алмағанын айтты. Алайда, автормен нақты бір сомаға келісіп, екі сағат ішінде келісімшартты ұсынғанын, бірақ автор ойынан айнып қалғанын жеткізді.
«Әндерді бүкіл жерден өшіртетінін айтты», - деді BayanSulu.
«Ұмытсам да» әнінің тарихы
BayanSulu екі жыл бұрын «Ұмытсам да» әнін өз ақшасына сатып алғанын айтты. Алайда, ән бір жыл бойы ешқайда шықпай, өзінде тұрған. Кейін бұрынғы продюсері Әлішер Бурханов әнді ұнатып, видео форматта түсіріп, халыққа ұсынған. Бұл ән үлкен хит болып, автор хабарласып, бірге жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.
«Мен әртіс ретінде ол мәселеге араласа алмадым. Өйткені оның бәрі продюсердің жұмысы еді. Ал "Ұмытсам да" әні толықтай менің әнім», - деді әнші.
Әнші бұл мәселелердің көп құпиясы мен үлкен мәселесі бар екенін айтып, жақында дәлелдермен, соттың үкімімен көрсететінін мәлімдеді.
-
Атырау қаласында 30 наурызда болған электр қуатының үзілуіне жауын мен ластанған оқшаулағыштар себеп болды. «Атырау Жарық» компаниясы мән-жайды баяндады.