Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Smart qala" жүйесі туралы не білеміз?

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Шамқанов Қанағат Амангелдіұлы 

"Smart qala" дегеніміз не?

"Smart qala" жүйесі Атырау қаласында былтырғы жылдың күзінде іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты-қоғамдық көліктердің жұмысын жеңілдетіп,халықтың заман талабына сай жол ақысын электронды түрде төлеуі. Бұл жүйе "Forte банктің" қаржыландыруымен жүзеге асты.

Жаңа жүйенің мүмкіндіктері:

1) Мобильді қосымшаның көмегімен жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу (QR-code, Bluetooth, NFC) 

2) Арнайы "Smart qala" карточкасын жолсеріктің құрылғысына өткізу.

Карточканың бағасы-300 теңге тұрады.

Теңгерімді мобильді қосымшамен немесе банк картасымен толтыруға болады. 

Жолаушыларға берілетін жеңілдіктер:

1) Мүгедектер мен ҰОС ардагерлеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тегін

2) Студенттер мен Зейнеткерлерге 50% жеңілдік.

"Smart qala" карточкасы зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС ардагерлеріне тегін беріледі. 

Ал оқушылар үшін олардың ата-аналары карточканы сатып алуына болады. 

Студенттер оқу орындарындағы қызметшіге өзі туралы толық мәлімет пен телефон нөмірін қалдырады. 

Бұл жүйе әлі толық енгізілген жоқ. Дегенмен электронды төлем жасау халық арасында үлкен сұранысқа ие. Енді төлем жасау үшін сізге бар болғаны смартфонды алып жүру жеткілікті. Жаңа ғасырдың бастамасы болатын сымсыз ақпарат алмасу процесі дамып жатыр. Болашақта біз жаңа ғылыми жетістіктердің куәсі боламыз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама