- 10 қаң. 2020 00:00
- 281
Сорпаның сорпасы
Екі құда жиі қатынасып жүреді. Біреуі сараңдау екен. Құдасы оның үйіне таныстарын, құда-жекжаттарын ертіп келе береді. Сараң әбден ығыр болады.
Бір жолы сараң қасына құда-жекжаттарын ертіп келген құдасына тамақ бермей, алдарына сорпа әкеліп қояды.
— Бұл не?
— Бұл құданың құдасына беретін сорпаның сорпасы, — деп жауап береді сараң.