Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 37 минут бұрын)
Сотрудник полицияның әйелін ұрды деген ісі тоқтатылды

Алматы қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қаралды. Бұл іс отбасындағы жанжалдан кейін қозғалған болатын.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысының басында адвокат істі жабық режимде қарауды сұрады, алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Қорғаушы тарап жұбайлардың татуласқанын және бір-біріне шағымы жоқ екенін айтып, істі тоқтатуды талап етті. Адвокаттың айтуынша, зорлық-зомбылық болмаған, жанжал отбасылық келіспеушіліктерге байланысты туындаған.

Сотта Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің өзін ұрып-соқпағанын және қорламағанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, олар тек ажырасуға байланысты сөзге келген. Тұрлыхановтың өзі де араларында ұрыс болғанын растап, бірақ күш қолданбағанын атап өтті.

Осыдан кейін прокурор істі тоқтатып, материалдарды қосымша тексеруге жіберуді ұсынды. Судья бұл шешімді қолдап, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша қозғалған іс тоқтатылып, Медеу ауданының прокурорына қосымша тексеру үшін жіберілді.

Соттың хабарлауынша, істің қозғалуына бастапқыда жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінген кезде дене жарақатын алғаны туралы берген арызы негіз болған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

Жарнама