- 05 нау. 2024 03:46
- 829
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер - Сөйлем құрауға негіз болады.
Тұрлаусыз мүшелер - Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.
● Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш - Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше.
кім? не? кімдер? нелер?
кімі? несі? кімім? нем?
кіміңіз? неңіз? кіміміз?
неміз? кімдерің? нелерің?
кімдеріңіз? нелеріңіз?
Мысалы: Жазда күн өте ыстық болды.
Достарым осы жарыста жеңіп шықты.
Үшеуі сыртқа шықты.
Кеншілер сарайы адамға лық толы.
Баяндауыш - Сөйлемді тиянақтап тұратын мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Мысалы:
Біз тауға шықтық.
Оның ойы үйге ертерек жету еді.
Оның алғаны – кітап.
Күн ыстық.
Оның түсі қара торы.
Ауыл мәдениеті өсіп келеді.
● Тұрлаусыз мүшелер
Анықтауыш - Сөйлемде басқа мүшелердің сын - сипатын анықтап тұратын мүше.
қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Толықтауыш – Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?
Пысықтауыш – Сөйлемде іс - қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін, т. б.) анықтайтын мүше.
қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Сөйлем мүшелері жүктеу