Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сөздердің қолдану ерекшелігі
Сабақ жоспары
Қазақ тілі 5 сынып
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің қолдану ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сөздердің қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту және оны жаттығу жұмыстары арқылы нақтылау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Дамытушылық: адамгершілік сезімдерін дамыту, достық, түсіністік сезімдерін тереңдету, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. 169 - жаттығу.
2 Жалпылама лексика туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
• Мәтіннен сөздік қорды бір бөлек, сөздік құрамды бір бөлек жаз.
Тұсау кесу - қазақтың өмір сапарының алды.
Мұны сәтті басталсын деп ырым жасағаны, бір жағынан Аллаға құлшылық жасап садақа бергені.
Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан - ақ құлағына сіңісті етеді. (А. Жүнісов)

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Оны мына кестеден байқауға болады:

VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1. Сөздердің қолдану өрісіне қарай түрлерін ата
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Өздік жұмыс
• Қолданыс өрісі тар және қолданыс өрісі кең лексикаларды жаз және төмендегі сөздерді осы лексикалар түріне қарай ажырат.
• Үлкен, ақ, күрпі, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, әбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дұға, күрең махаббат, жасық, шәкірт, құрылтай, шен.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ. Сабақты бекіту:
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма беру:
1. Жалпылама лексика туралы түсінік.
2. 170 - жаттығу.
Сөздердің қолдану ерекшелігі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама