- 14 нау. 2017 00:00
- 221
СҚО-да даяшы жұмысын сертификаттауды ұсынады
СҚО рестораторлар және отельерлер қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзин қоғамдық тамақтану орнының табыс көлемі қызметкер біліктілігі деңгейіне тікелей байланысты.
«Петропавлда шамамен 1,5 мың даяшы жұмыс істейді. Оның 80 пайызының тиісті біліктілігі жоқ», - деді СҚО бас рестораторы.
«Қазір көбінесе қосымша қаражат тапқысы келгендер даяшы бола салады. Олар қонақпен жұмыс істей алмайды, ас мәзірін білмейді, қызмет көрсету дағдыларын игермеген. Нәтижесінде сервис нашарлайды. Даяшы мамандығын оқу үшін кем дегенде жарты жыл керек. Мұндай жағдай СҚО-да ғана емес, барлық өңірде қалыптасқан. Керемет асханасымен ашылған орындарға даяшылардың жұмысы кері ықпал ететін сәттер жиі кездеседі», - деді Хамзин.
Өңірдегі жағдайды сертификаттау орталықтарының көмегімен түзеуге ниетті.
«Әр қызметкердің білімі болуы керек. Салада қажет маман екенін дәлелдеуі тиіс. Оның тиісті білімі туралы сертификаты болып, не тестілеуден өтуі тиіс», - деп атап өтті ол.
Аспаздар, әкімшілер, басқа персоналдар да сертификатталуы тиіс. Қазір арнайы білімі жоқ аспаздарға оқыту жүріп жатыр. Оларды қауымдастық колледжге курстарға жібереді. Білім алғаннан кейін олар біліктілігіне қарай 3 немесе 4 деңгейлі санатқа ие болады.