Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Су асты қалашығы

«Ocean Spiral» деген атау берілген сфераның диаметрі 500 метр, ал ұзындығы шамамен 15 километр болмақ. Құрылыстың жоғарғы бөлігі теңіздің бетіне жақын болады, ал спиральданған төменгі бөлігі теңіздің түбіне дейін жетеді.
Жапондық құрылыс компаниясы құрылысы 2035 жылы бітеді деп жоспарлап отырған дүниедегі алғаш су асты қалашығы жобасымен таныстырды. Сфера тәріздес бұл жоба 4 футбол алаңынан үлкен және электр, сумен жабдықтау жүйелері теңіздің 3,2 км тереңдігіне дейін қызмет бере алатындығы мәлімденді. 

Бұл қалада барлық нәрсеге орын беріледі, кеңселер, үйлер және қонақ үйлер. Шамамен 5000 адам өмір сүреді деп күтілуде. Су асты қалашығы адамның өмір сүруі үшін керекті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі.

 

Қаланың ішкі ауласы бүкіл тұрғындар тарапынан қолданылатын болады. Су асты қалашығы танытымын жасаған жапондық компания бұл жобаның мақсаты су астындағы алаңдарды да пайдалы тұрғыда игеруді бастау, өйткені уақыт өткен сайын теңіз деңгейі көтерілуде, көптеген елдер су астында қалу ықтималдығы бар деп мәлімдеді. Сондай-ақ бұл жоба туристтерді қызықтыратыны да сөзсіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама