- 31 қаз. 2019 00:00
- 275
Су жүрек қоян
Бір күні қоян ұзап серуен демек болады. Бірақ ол үш қадам жасамай-ақ бұтаның арасынан бір сыбдырды естиді.
Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! — деп қоян қорқып зыта жөнеледі.
Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған дауыс шықты.
Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! — деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп сәл дамылдайды.
Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы басым-ай, одан да бұл қайғыдан суға батып өлгенім артық қой, — дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне: — Мен осы несіне суға батам, меннен де қорқатындар бар екен ғой! — деп райынан қайтыпты.