Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Суық тию немесе тұмау кезінде өзіңізге қалай көмектесуге болады?

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) балалар арасында ең көп таралған аурулар болып табылады және ата-аналар үшін ол ауру туралы білу өте маңызды. Осы аурулар кезінде тыныс алу жолдары зардап шегеді, сондықтан оларды тыныс алу аурулары деп атайды. ЖРВИ-нің ішіндегі ең қауіптісі — тұмау. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін, әсіресе тұмаумен ауыратын 2 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы аурулармен ауыратын 65 жастан асқан қарттар үшін қауіпті. Жүкті әйелдер де тәуекел тобына енеді.

Халықтың тұмаумен сырқаттану, асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудегі жалғыз тиімді шара — бұл вакцинация.

Тұмауға қарсы иммунитет бір күнде пайда болмайды: оны қалыптастыру үшін уақыт қажет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады, 6-12 айға дейін сақталады. Эпидемия басталғанға дейін вакцина алып үлгеру керек.

Тұмау және басқа өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен аурушаңдықтың өсу кезеңінде профилактиканың жалпы шараларын сақтау қажет:

— қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;

— пәтерді, үй-жайларды жиі желдетіңіз, сондай-ақ дымқылдатып тазалауды жүргізіңіз;

— далаға шықпас бұрын мұрын жолдарына оксолинді жақпа жағыңыз, бұл вирустардың тыныс алу жолына енуіне жол бермейді;

— жеке қорғаныш бетперделерін киіңіз.

Жаттығу жасау, спортпен айналысу, жақсы ұйқы, дұрыс тамақтану, көкөністер, жемістер, табиғи шырындар, компоттарды пайдалану суық тиюдің алдын алу (ауа-райына сәйкес киім кию) — бұл сіздің денсаулығыңызға кепілі болатын факторлардың толық тізімі емес екенін ескертеміз.

Оқуға кеңес береміз:

Тұмауға қарсы

Әлем елдерінде тұмауды қалай емдейді?

Суық тиюден емделу: шын мәнінде көмектесетін әрі қолжетімді әдістер


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама