Ащы жусанның химиялық құрамын жан-жақты зерттеу
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ
3 курс студенті: Талғатұлы Дәурен
Білім беру бағдарламасы: 6В01504- Негізгі мектептегі химия және биология
Ғылыми жетекші: Тлеуова З.Ш., дәріскер
Кіріспе
1 Artemisia Absinthium ащы жусаны
1.1 Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы
1.2 Ащы жусанның маңызы және қолданылуы
2 Эксперименттік бөлім
2.1 Шикізатты дайындау кезеңдері
2.2 Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық–химиялық көрсеткіштері
2.3 Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялау
2.4 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы сығындысының сапалық құрамын зерттеу
2.5 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы– спиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу
2.6 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы және спиртті сығындысын ЯМР–спектроскопия әдісімен зерттеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани, т.б орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануға зор ықпал етті. Оның ішіндегі маңыздысы – жусан. Ұлан – байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы – бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең – байтақ жеріміздің сəнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді. Жусан – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік, көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Тұқымдас өсімдіктердің ішінде емдік қасиеті бар өсімдік шикізаттарын іздеу перспективті. Бұл мақсатта өзінің алуан түрлігі, таралуы мен үлкен шикізаттық қоры бар.
Artemisia Absinthium ащы жусанын халық медицинада қолданылады. Бұның себебі Artemisia Absinthium ашы жусанның бірегей химиялық құрамы болып табылады. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрацияны көрсетеді.
Осыған орай, аталған ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Artemisia Absinthium ащы жусанының физикалық-химиялық құрамын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– Artemisia Absinthium ащы жусанының органолептикалық көрсеткіштерін анықтау;
– Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы және сулы-спиртті сығындысының физикалық-химиялық қасиеттерін қарастыру;
– Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР-спектрометрия әдісі арқылы зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі:
Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР-спектрометрия әдісімен зерттеу.
Жұмыстың жаңалығы:
Емге шипа, жанға дауа, құндылығы өте жоғары, ең қасиетті өсімдіктің бірі – Artemisia Absinthium ащы жусанының құрамын жан – жақты қарастыру.
1 Artemisia Absinthium ащы жусаны
Ащы жусан (лат. Artemisia Absinthium) – астралылар тұқымдасына жататын, күрделі гүлділер тұқымдасы. Ащы жусанның бірнеше атауы бар. Олар: ақ жусан, емші жусан, ащы ермен жусан, далалы жусан. Биіктігі 60–100 см кейде 120 см–ге жететін көпжылдық шөптесін тамырсабақты өсімдік. Сабақтары жеке, түзу орналасқан, сызықшалары бар, көп жапырақты, жоғары жақтары бұтақтанған. Сабақтарының төменгі жақтары ұзын сағақты, сағақтың түбі ланцет тәрізді бөлік. Сабақтың ортаңғы бөлігіндегілердің сағақтары қысқа, сағақ түбінің бөліктері болмайды. Барлығы үш қауырсынды салаланған. Гүл жапырақшалары сағақсыз, қарапайым қауырсынды. Гүлі сары түсті түтікті. Ортанғы гүлдерінде аталық пен аналық болады. Ал шеткі гүлдерінде тек аталықтары болады. Гүлдері жинақталған гүлі–себетті шар пішінді, диаметрі 4 мм дейін жетеді. Гүлінде 3–4, 94% сантонин. Жемісі қонырлау, ұзынша, дәндерінің ұшы үшкірлеу, ұзындығы 1мм, айдарсыз, 1000 дәнінің салмағы 0,1грамм. Шілде–тамыз айларында гүлдеп, тамыз–қыркүйекте жемісі жетіледі. Ащы жусан тұқым арқылы және вегетативті жолмен көбейеді. Тұқым арқылы көбеюі үшін тұқымдарды жинау қажет. Жиналған тұқымдар қатарлармен егіледі. Тұқымдардың өсуіне қарай өсімдікті сирету қажет. Сирету үрдісінен кейін ең жақсы өсімдіктер қалады. Бірнеше апта өткен соң ащы жусанды қолдануға болады.
Таралу аймағы. Artemisia Absinthium ашы жусаны Европа, Солтүстік Африка, батыс Азиядан пайда болған деп саналады. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі, тек қана құмды шөлейт аймағында өспейді. Жусанның Қазақстанда 81 түрі өседі. Қазақстан Флора бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аймағында 24 түрі таралған [1]. Жусанның ең көп таралған кеппешөптерінің түрлері: бөрте жусан (A. Austriaca L.), ащы жусан (A. absinthium Jacq.), қара жусан (A. vulgaris L.), жазық жусан (A. campestris L.), сұр жусан (A. glauca Pall.), жапырақты жусан (A. latifolia Ledeb.) және т.б.
Экологиясы. Ылғал–сүйгіш арамшөп ретінде ауыл маңында, жол бойында, бақта, бау–бақшада, егістік, тыңайған және шалғынды жерде, орманда, бұта аралығында, таудың төменгі, орта белдеуінде өсіп-өнеді. Кейде үллкен қау құрып өседі, әсіресе тау алқаптарында. Қоры. Есептелінбеген, себебі өндіріске деген табиғи шикізаты жеткілікті [2].
1.1 Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы
Ащы жусанды халық медицинада қолданылады. Бұның себебі ашы жусанның бірегей химиялық құрамы болып табылады. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрацияны көрсетеді. Ащы жусанның құрамын зерттеуге негізделген көптеген жұмыстарда оның құрамын кіретін заттар туралы мәліметтер берілген. Соның ішінде, сесквитерпеноидтар туындылары (анабсинтин, артамарин, артамаридин, артамиридинин, артабсин, матрицин, анабсин, абсинтолид, изоабсинтин, артабсинтолидтер A,B,C,D) кездеседі, құрамында туйон, хамазулен, гвайазулен, кетопеленолид А, кетопеленолид В, гидроксикетопеленолид, α, β-кариофиллен , γ-селинен, бизаболен, 2-метил-6-метиленил-10-п-толилундецен-2, 2-метил-6-метелинил-10n-толилундекан, мирцен, α-пинен, туйил спирті, нерол, туйилацетаты бар эфир майлары (0,12-0,8%) да болады. Бұл эфир майлары ащы жусанның гүлдеуі кезінде, ал жапырақтарында гулдеуге дейінгі кезеңде жинақталады. Жусан құрамында полисахаридтер, сапониндер, флавоноидтар (артемитин, кверцетин, кемпферол, изорамнетин, апигенин), фитонцидтер, аскорбин қышқылы, шайырлы және иленетін заттар, артемизетин, каротин және органикалық заттар (янтарь қышқылы) да кездеседі. Ащы жусан тамыры көмірсуларға өте бай, соның ішінде инулин көп мөлшерде кездеседі. Кумариндерден скополетин, умбеллиферон де бар [3].
Осы аталған заттардың ішіндегі маңызды түрлеріне жалпы сипаттама.
Ащы гликозидтер. Гликозидтер – бірқатар моно немесе олигосахаридтердің спирттермен, аминдермен, фенолдармен, меркаптандармен қосындысынан туатын зат. Түзілуі гликозилтрансферазалардың, ал ыдырауы гликозидазалар әсерімен өтеді. Гликозидтердің бір түрі – нуклеозидтер. Гетероциклді азот негізі бар рибозалар мен дезоксирибозалардан тұрады. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Олар шөптің дәміне жауап береді. Ащы гликозидтер ас қорыту органдарының жұмысын жақсартады және өт айдаушы эффектке ие. Сонымен қатар, трихомоноза, хламидиоза, зеңді инфекциялар (оның ішінде кандидоз) қоздырғыштарын жояды [4,5].
Флавоноидтар. Табиғи полифенолды қосылыстардың класына жатады. Олар табиғатта өте жиі кездеседі. Оның құрамында көптеген әртүрлі бояушы пигменттер болады (флавондар, флавонолдар, антоциондар, және тағы басқалары). Бұл пигменттер өсімдіктердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көп мөлшерде кездесіп отырады. Олар түссіз және сары кристалды заттар. Флавоноидтардың әр алуандылығы гидроксилдеу, метоксилдеу, ацилдеу арқылы анықталады. Өсімдіктерден моно–, ди–, три–, тетра–, пента– гексаметокситуындылары бөлінген. Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамындағы флавоноидтарының бірі артемизетин, табиғи антибиотик болып табылады. Артемизетин бактериялардың көбеюін тоқтатып, ішек таяқшасын және көкірінді таяқшаларды жояды. Ісіктердің қабынуын басып залалсыздандырады.
Илік (таниндер) заттар. Илік заттар деп жоғары молекулалы, бір–бірімен гинетикалық байланысты табиғи фенолды қосылысты айтады. Бұл заттар өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде жинақталады. Медицинада тұтқыр дәру түрінде пайдалану былжыр қабықта одан әрі қабынуға кедергі болатын пленканың (үлкен қабыршақтың) жасалуына байланысты, ал жараға жағылған танин қанды ұйытады және қанды тоқтататын дәру ретінде қолданылады. Ащы жусандағы илік заттары жараны тез арада емдеуге әсер етеді. Сонымен қатар қан кетуді тоқтатып, инфекциялармен күреседі.
Органикалық қышқылдар. Органикалық қышқылдар – (құмырсқа, сірке, сүт, май, пирожүзім, янтарь, оксиянтарь, альфа–глютарлы, лимон, изолимон және т.б.). Өсімдіктерде эфир немесе тұз түрінің бос күйінде белгілі мөлшерін құрайды. Органикалық қышқылдар көп мөлшерде жидектерде, тұқымдарда, жемістерде, жапырақтарда, бұтақтарда, тамырларда жиналады. Органикалық қышқылдар ағзада түрлі функцияларда қатысады, белгілі фармакологиялық белсенділік көрсетеді: біреуі атеросклероз дамуын ескертсе, басқалары зат алмасуда белсенді қатысып қышқылды – негіз тепе–теңдігін ұстап секреторлық без жұмысына әсер етеді.
Эфир майлары – өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Эфир майы, әсіресе әртүрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек–қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан – ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғазады [6].
Микроэлементтер. Топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамында келесідей микроэлеметтер бар: цинк, бром, селен, кальций, магний, молибден.
Дәрумендер. Ащы жусанның құрамында А, В (В2, В3, В6, В9), С, РР дәрумендері бар: А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор; В дәрумені ағзадағы суларды ерітетін дәрумен болып саналады, инсульт қаупін азайтады; В1 дәрумені ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет; В2 дәрумені (рибофлавин) биологиялық тотығу процестеріне қатысады; В3 дәрумені никотин қышқылы холестерин деңгейін азайта алатын қасиетке ие және гиперлипемия кезінде пайдаланыла алады; В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады; РР дәрумені (ниацин) көмірсулар алмасуын жақсартады; С дәрумені тотығу-тотықсыздану процессіне, ақуыздың түзілуіне қатысады.
Фитонцидтер. Фитонцидтік қасиеті бар ащы жусан ерте заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Фитоцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, жүйке жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Сонымен қатар бактерицидті шығаратын, саңырауқұлаққа қарсы әсері бар органикалық қосылысты комплекстер болып табылады [7].
Ащы жусанның тамыры мен шөбінің химиялық құрамына келесі заттар кіреді. Бициклді монотерпеноидтар 0,5–2%, туйол (10–25 %), туйон (10 % -ке жуық) пинен және тағы басқалары. Сонымен қатар азуленогенді сесквитерпенді лактондар, жусанға ащылық қасиет беретін – артабин, абсинтин (димер артабсин). Жусанның майының жасыл-көк түсі азуленге негізделген. Сонымен қатар құрамында: флавоноидтар, органикалық қышқылдар, иленетін заттар және т.б. органикалық қосылыстар [8] кездеседі.
1.2 Ащы жусанның маңызы және қолданылуы
Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – ащы жусан.
Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Ащы жусан дәрілік өсімдік, медицинада келесі ауыруларды емдеуге пайдаланылады:
Қатерлі ісікке қарсы ем: Қазақстанда мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. 1997 жылы «Арглабин»препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаналық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44%–да ісіктің тоқтауы байқалған екен. Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглобин» қолданылса, науқастардың емделуі 95%–ға көтеріледі. Ал, фитохимиялық институтының маманы Науан Жанғабыловтың айтуынша, Қазақстанда сынақтан өткен кезде дәрінің шөптен жасалғандықтан адамның сау органдарына зақым тигізбейтіндігі анықталған. «Арглобин» препаратының жалпы қолданысқа енгізілгеніне 15 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде ол әлемде тендесі жоқ дәрі екенін дәлелдеді. Мұны, тіпті, шет елдің ғалымдары да мойындап отыр. Бүгінге үш мыңнан астам науқас осы дәрінің арқасында дертінен күлантаза айықты [9].
Обырды ащы жусанмен емдеу: АҚШ ғалымдары Қытайда ежелден бері обырға қарсы қолданылып келген жусанның туындысы ащы жусан –артимезининді ашты. Бұл қосылыс 16 сағат ішінде 98% қатерлі жасушаларды жоя алады. Әсіресе, оны өкпе обыры кезінде қолданылады. Ежелгі уақытта оны малярийға қарсы қолданған, ал казіргі кезде онкологияға қарсы қолданылады. Обырды емдеу үшін ащы жусанның мамыр мен маусым айларының ортасына дейін жиналған жас өсінділері қолданылады, себебі олар күшті әсерге ие. Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық үгітілген ащы жусан алынады. 40 минут тұндырады және сүзеді. Стақанның 1/3 бөлігін күніне 3 рет ас қабылдаудың алдында бір апта бойы қабылдайды. Ащы жусанның құрамында токсиндер болғандықтан, жусанмен емдеу шағын курстармен өтеді. Емделу курсы кезінде үзіліс жасап отыру қажет. Тұнбаны ішке қабылдаумен қатар, оны сырттай ісікке компресс ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда үзіліссіз қолдануға болады [10].
Алкогольге тәуелділікті ащы жусанмен емдеу:Алкогольге тәуелділікті емдеу үшін шөптер қоспасын жинау қажет. Оның ең басты компоненті ащы жусан болып табылады. 20 грамм ащы жусан мен 80 грамм өрмелегіш тимьян араластырылады. Бір ас қасық шикізатқа бір стакан қайнатылған су құйылады. 5 минут қайнатылады, одан кейін суытылып, тұндырылады және сүзіледі. Стаканның 1/3 бөлігін күніне 3 рет бір ай бойы қолданады. Одан кейін 1 ай үзіліс жасап, емдеу курсын әрі қарай жалғастырады. Емдеу барысында ауруда алкогольге деген жиіркеніш сезімі пайда бола бастайды, қаны токсиндерден тазарады [11].
Жатыр ісігін ащы жусанмен емдеу: Миома–бұл қазіргі уақытта ащы жусанның тұнбасымен емделетін қатерлі емес ісік. Дайындау тәртібі: Екі ас қасық шикізатқа 1/2 литр спирт немесе арақ құю арқылы жасалынады. 10 күн бойы тұндырылады. Бұл тұнбаны күніне екі рет 1 шай қасықтан ас қабылдау барысында қолданады. Емдеу курсы – 14 күнге созылады. Кейіннен бір ай үзіліс жасап, оң нәтиже көрсетпесе емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны тоңазытқышта сақтау қажет. Сипатталған емдеулерді қолдану кезінде есте сақтау қажет: қан аздық, жүктіліктің кез–келген айында және емізу кезінде тек қана жусан емес, басқа да токсинді қасиеттері бар шөптерді дәрігердің рұқсатынсыз алдын–ала қолдануға болмайды [12].
Artemisia Absinthium ащы жусанның эфир майы. Artemisia absinthim ащы жусанның құрамында эфир майы 2%–ға дейін болады. Бастапқы шикізатқа байланысты түсі сары, қою–жасыл кейбір жағдайларда көк түсті бояу алады. Ащы жусанның эфир майының басты ерекшелігі оның ащы дәмі және тартымды иісі болып саналады.
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының химиялық құрамы. Химиялық құрамы бойынша бірегей. Емдік компоненттері: антисептикалық, қабынуға қарсы, құрттарға қарсы болып келеді. Олар: туйон (басқа атауы монотерпин) – табиғи зат, мықты нейротоксин, мидың гаммааминомайлы қышқылына маңызды нейромедиаторына әсер етеді және галлюцинация мен тырысуға әкеліп соғуы мүмкін.
- Хамазулен сәйкес сесквитерпенді спирттер, қышқылдар мен лактондар әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады. Қабынуға қарсы айрықша қасиеті бар.
- Мирцен ауруды басатын және қабынуға қарсы қасиеті бар. Жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие.
- Камфора құрамында оттегі болатың табиғи жағдайда пайда болған органикалық қосылыс. Ол ақ немесе түссіз ұнтақ ретінде табиғатта кездеседі. Гранулалары кристал түрінде болады.
- Монотерпены екі изопренді фрагменттерден құралған табиғи көмірсулар [13].
Алу тәсілдері мен жолдары. Эфир майы ащы жусанының кептірілген жапырақтары мен гүлдерінен алынады. Эфир майын алу әдісі келесідей сатылардан тұрады: балғын шөпті жинайды, жуады және кептіреді; өсімдікті дөңгелек түпті колбаға орналастырады, оған зәйтүн майын құйып, тығыздап жабады; эфир майын 10 күн тұндырып дайындығын түс бойынша анықтайды. Май қою жасыл немесе меруерт түсті болады [14].
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының адам ағзасына әсерінің маңыздылығы мынада: асқазан–шек жұмыстарынның функциясын тұрақтандырады; бауыр жұмысынының бұзылуында қолданылады; гастрит және асқазан жарасында қолданылады; құртардан тазартады; дене қызуын төмендетеді; кардиотұрақтандырушы әсерге ие; тұмау бронхиалдық демікпеде қолданылады; есту қабілетін жақсартады; ревматизм, артрит кезінде ауыруды женілдетеді; күйзеліс, невроз белгілерімен күреседі; ми жұмысын жоғарлатады; ұйқысыздықпен күреседі [15].
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының сыртқы қолдану әдістері. Жусан майы массажға арналған қоспаларда ревматизімдік, артриттік ауыруларға қарсы қолданады. Ол үшін жусанның эфир майының 2–3 тамшысын жай майға немесе өсімдік майының 10мл–не қосып жақпа майы ретінде пайдаланады [16]. Тыныс алу жолдарының ауыруы кезінде ингаляция жасауға Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майы қолданылады. Бір стақан ыстық суға 1–2 тамшы эфир майын қосып, одан кейін буымен 5-7 минут тыныс алады. Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының компресстері күйіктерді женілдетеді ,жараны қалпына келтіреді. Ол үшін жусанның эфир майының 5–6 тамшысын жай майға немесе өсімдік майының 10мл–не қосып, зақымданған тері бөлігіне жағады.
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының қарсы көрсетілімдері. Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Мөлшерден артық қолдану немесе ұзақ қолдану конвульсияға, галлюцинацияға, бас айналуына, түйілуге, тырысуға және жеке жүйесінің бұзылуы
2. Эксперименттік бөлім
2.1 Шикізатты дайындау кезеңдері
Жусанды гүлдей бастаған уақытта жинайды. Оны жоғарғы жағынан ұзындығы 25 см–дей етіп, жуан бұтақшаларын алмай, пышақпен немесе орақпен кеседі. Сирек жағдайда жусан жапырақшаларын маусым айында тамыр тұсындағы және ірі бұтақтарындағы жапырақшаларын гүлдегенге дейін алып тастап дайындайды. Жусан жинауды уақытынан кешіктірмеу қажет, себебі кеш қалса, гүлдер сары түсін жоғалтып, қоңырланады, ал жапырақшаларында қоңыр түсті дақтар пайда болады, сонымен қатар жусанды кептіргенде ол өз табиғи түсін жоғалтады.
Шикізатты қараңғы, көлеңкелі жерде немесе температурасы 22–30 °С болатын кептіргіште кептіреді, өсімдікті оның бұтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін жиі аударып отырады. Зерттеуге алынған ащы жусан Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы далалық аймағынан маусым айында жоғарыда берілген әдістеме бойынша жиналды. Шикізат университеттің зертханалық жағдайында 20-25°С температурада, жабық, қараңғы сөрелерде бұтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін аударылып, кептірілді және кейінгі зерттеулер үшін сақталынды.
Зерттеу жұмыстарына өсімдіктің жоғары, жұмсақ бөлігі, яғни бұтақшалары мен жемістері пайдаланылды.
2.2 Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері
Зерттеуге алынатын жусанның жан-жақты қарастырылуы бұл шикізаттың түпнұсқалығы мен өнімсапалығын және қауіпсіздік көрсеткіштерін қарастыруды талап етеді. Ол үшін органолептикалық, физикалық және химиялық анализ әдістерінің маңызы зор.
Аталған әдістері негізіндегі зерттеулер нәтижесі бойынша сәйкестендіру көрсеткіштері, соның ішінде органолептикалық көрсеткіштері қарастырылды (1 – кесте).
1 – кесте. Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштері |
Нормативті құжат бойынша |
Іс жүзінде |
Сыртқы түрі |
Гүлді себетше, тілімді сабақты және жапырақ пішіні 1-ден 7-мм |
Гүлді себетше, тілімді сабақты, жапырақ пішіні 5–6 мм-дей |
Түсі |
Сұр – жасыл, күмістей – сұр |
Сұр – жасылдау |
Иісі |
Ароматты, ерекше, күшті иісті |
Арнайы ерекше күшті иісі бар |
Дәмі |
Татымды ащы |
Аздап ашылау |
Алынған мәліметтер негізінде зерттелетін шикізаттың нормативті құжаттың талаптарына сыртқы түрі, иісі, дәмі, түсі және түпнұсқалығы сай екендігі дәлеледенді [18]. Жусанның өнімсапалығын анықтау келесі физикалық – химиялық көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі – үгіту дәрежесі, ылғалдығы, органикалық қоспалар мөлшері, минералды қоспалар мөлшері (2 –кесте).
2 – кесте. Artemisia Absinthium ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері
Физикалық-химиялық көрсеткіштері |
|
Үгіту дәрежесі, мм |
7мм |
Ылғалдығы, % |
13% |
Қоспалар мөлшері (органикалық және минералдық қоспалары) |
Бөгде иістері жоқ, көгеру, шірудің байқалмайды |
Шикізаттың үгіту дәрежесі 7мм – ден аспайды, себебі диаметрі 0,5мм елеуіш арқылы өтетін зат мөлшері стандартқа сай болуы қажет.
Зерттелетін жусанның ылғылдығы стандартқа сай 13 пайыздан аспайды.
Бөгде иістер, көгеру, шірудің болмауы шикізаттың дайындау, кептіру және транспортталу ережесіне сай екендігін көрсетеді. Зерттелінетін шикізаттың алдын-ала нормативті құжаттар талаптарына сай тексерілуі зерттеу нәтижесінің мәліметтерін ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдануға мүмкіндік береді.
2.3 Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялау
Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялауға арналған құрылғысы жиналды.Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін, алдымен сулы сығындысы дайындалды. Сулы сығынды дайындау келесі әдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 50 мл тазартылған су құйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан су құйылып, қыздырылып; операция үш рет жүргізілді. Үш сығынды бір–біріне қосылып, араластырылды. Бөліп алынған сулы сығынды кейін жан–жакты зерттелді. Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы кумариндерді, фенолкарбондық қышқылдарды, флавоноидтарды сулы–спиртті сығындыны қолдану арқылы анықталды.
Сулы–спиртті сығындыны алу келесі әдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 60 мл 70%–дық этил спиртін құйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан 40 мл этил спирт құйылып, экстрагент қайнаған уақытын белгілеп алып, кейін тағы 15 минут қайнатылды. Екі сығынды бір–біріне қосылып, араластырылды [19].
2.4 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы сығындысының сапалық құрамын зерттеу
Көмірсуларды сапалық анықтау: көмірсуларды сапалық анықтау үшін полифенолды қосылыстардан тазартылған Artemisia absinthium ащы жусанның сығындысы қолданылады [20] .
Бос қанттарды анықтау.
1. Бертран реакциясы: 1 мл тазартылған сулы сығынды мен 1 мл Фелинг сұйықтығын су моншасында қыздырған кезде қызғылт - қызыл мыс (І) оксиді тұнбаға түсті (1-сурет ).
1-сурет. Қызыл түсті тұнба түзілуі
2. Несслер реактивімен реакциясы: 1 мл тазартылған сулы сығындыға 1 мл Несслер реактиві құйылып, қайнап тұрған су моншасында қыздырылды. Құрамында бос қант болғандықтан сынаптың (І) оксиді қара түсті тұнбаға түсті [21,22,23] (2–сурет).
2-сурет. Қара түсті тұнба түзілуі
Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысын зерттеу нәтижесі бойынша түзілген өзгерістер оның құрамында көмірсулардың бар екендігін дәлелдейді.
Органикалық қышқылдарды сапалық анықтау.
Аскорбин қышқылын анықтау: Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысымен сапалық реакциялар жүргізілді.
Калий пермаганаты ертіндісімен әрекеттесуі: 1 мл калий пермаганаты ертіндісіне құрамында аскорбин қышқылы бар сулы сығынды қосылды. Ерітіндінің жартылай түссізденуі байқалды (MnО4 – ионының Mn2+ ионына тотығуына дейін) [24,25] ,(3–сурет ).
3–сурет. Ерітіндінің жартылай түссізденуі
Реакция оң нәтижеге көрсетті. Artemisia absinthium ащы жусанның құрамында аскорбин қышқылы бар екендігі осы өзгеріске сай анықталды.
Таниндерді сапалық анықтау: Artemisia absinthium ащы жусанның құрамындағы таниндерді анықтау үшін сапалық реакциялар келесідей жүргізілді [26,27], (3–кесте).
3– кесте. Ащы жусанның Artemisia absinthium құрамындағы таниндерді анықтау
№ |
Реакция шарттары |
Зерттеу нәтижесі |
Ескертпе |
1 |
5–6 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы темір–аммонийлі шайыры қосылды |
Ертінді жасыл түске боялды
|
Оң нәтиже |
2 |
5 мл сулы сығындыға 5–6 тамшы 0,5 %–тік желатин ерітіндісі мен 1 тамшы концентрлі тұз қышқылы қосылды |
Ерітіндінің лайлануы байқалды |
Оң нәтиже |
3 |
5–6 тамшы сулы сығындыға бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйылды |
Ерітіндінің қараюы байқалды |
Оң нәтиже |
4 |
5 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы калий бихроматы ертіндісі қосылды |
Ерітіндінің қоңыр түске боялуы байқалды |
Оң нәтиже |
5 |
5 мл сулы сығындыны 0,1 Н тұз қышқылымен қышқылдандырып, 3 тамшы 10%–тік қорғасын ацетаты ертіндісі қосылды |
Сарғыш түсті тұнба пайда болды |
Оң нәтиже |
Жүргізілген сапалық реакциялардың негізінде Artemisia absinthium ащы жусанның құрамында конденсацияға қабілетті таниндердің бар екенін байқауға болады.
Кумариндерді сапалық анықтау: Artemisia Аbsinthium ащы жусан құрамындағы кумариндерді келесідей тәжірибе арқылы анықталды. 5 мл сулы спиртті сығындыға 10 тамшы 10%–тік метил спиртіндегі калий гидроксиді қосылып 5 минут су моншасында қыздырылды. Сарғыш түс пайда болды. Кейіннен ерітіндіні екі бөлікке бөлініп, бірінші бөлікке – 5 мл тазартылған су қосылып араластырылды, 10%–тік хлорсутек қышқылымен бейтараптандырылды. Осы кезде ерітіндінің лайлануы байқалды (4–сурет).
4–сурет. Бірінші пробиркада ерітінді лайланды
Екінші бөлікке 0,1 мл диазореактивті қосқан кезде қызыл–қоңыр түс пайда болды (5-сурет).
5– сурет. Екінші пробиркада ерітіндінің қызыл–қоңыр түске боялды
Бұл нәтижелер Artemisia absinthium ащы жусан құрамында кумариндердің бар екенін көрсетеді.
2.5 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы–спиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу
Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды сапалық анықтау келесі тәжірибелер арқылы жүргізілді (4–кесте).
4–кесте. Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды сапалық анықтау
№ |
Тәжірибенің өту жағдайлары |
Зерттеу нәтижесі |
Ескертпе |
1. |
Сулы–спиртті сығындыға магний жарғақшалары, кейіннен тамшылатып концентрлі хлорсутек қышқылы қосылды |
Ертінді қызыл түске боялды |
Оң нәтиже |
2. |
Сулы–спиртті сығындыға натрий гидрокарбонаты ертіндісі қосылды |
Ертінді жасыл–көк түске боялды |
Оң нәтиже |
3. |
Сулы–спиртті сығындыға 1%–дық темір хлориді(ІІІ) қосылды |
Ертінді жасыл–қоңыр түске ие болды |
Оң нәтиже |
4. |
Сулы–спиртті сығындыға бірнеше тамшы 2%–дық алюминийхлоридінің ертіндісі қосылды |
Ертіндіде сары–жасыл түс байқалды |
Оң нәтиже |
5. |
Сулы-спиртті сығындыға бор қышқылының 10%–дық және лимон қышқылының сусыз ацетондағы ертіндісі қосылды |
Ертінді сары түске ие болды |
Оң нәтиже |
Бұл тәжірибелер қортындысы бойынша зерттелініп отырған Artemisia absinthim ащы жусанының құрамында флавоноидтар бар екендігі дәлелденіп отыр.
Сесквитерпенді лактондарды сапалық анықтау: Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы сесквитерпендерді сапалық анықтау үшін жұқа қабатты хроматография әдісі қолданылды. Екі жұқа қабатты хроматография қағазына бастапқы белгі (старт) белгіленді. Белгіге бірнеше рет анық көрінгенге дейін сулы-спиртті сығындысы тамызылып, кептірілді. Бірінші жұқа қабатты хроматография қағазын алдын-ала дайындалып қойылған қозғалмалы фаза диэтил эфиріне соңғы шекке көтерілгенше дейін орнатылды. Екінші жұқа қабатты хроматография қағазын бензол-ацетон (9:1) ертіндісіне соңғы шеккке көтерілгенше дейін орнатылды. Сесквитнерпенді лактондар жұқа қабатты хроматография қағазында түрлі бояуларға ие болды (5- кесте).
5-кесте. Сесквитерпенді лактондарды хроматографиялық талдау
Зерттелген шикізат |
Ертінді жүйелеріндегі Rf өлшемі |
Зерттеу нәтижесі |
Ескертпе |
|||
І |
ІІ |
І |
ІІ |
І |
ІІ |
|
Artemisia absinthim ащы жусаныны
|
0,3 |
0,35 |
|
|
+ |
+ |
2.6 Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы және сулы – спиртті сығындысын ЯМР – спектроскопия әдісімен зерттеу
Artemisia absinthium ащы жусаны сулы сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы. Спектрлер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің зертханасында «Jeol» (Жапония) компониясының JNN–ECA 400 ЯМР- спектрометрінде тіркелген. Спектрометрдің жұмыс жиілігі 1Н және 13С ядроларында, сәйкесінше 400 және 100 МГц-ке тең жағдайда өтті. Талдау қалыпты температурада D2O ертіндісін қолдану арқылы жүргізілді. Химиялық ығысулар миллиондық үлеспен (ppm) көрсетілген. 6-суретте 3,84–12,67 аралығында химиялық ығысулар байқалады, спектрлер идентификациялау нәтижесінде бұл қосылыс құрамында артемизин флавоноидының бар екендігі айқын көрсетілген.
6 – сурет. Ащы жусан сулы сығындысының құрамындағы артемизин флаваноидының 1Н ЯМР спектрі
Берілген спектрлерге (7-сурет) сәйкес ащы жусанның сулы сығындысының құрамында: 1) 0,59 – 2,63 миллионды үлес сигналдары аралығында метилді және метиленді топтары байқалды; 2) 3,88 – 4,08 миллионды үлес сигналдары аралығында метокси тобы мен флавоноидтар байқалды; 3) 6,00 – 8,50 миллионды үлес сигналдары аралығында ароматты көмірсутектер мен басқа да флавоноидтар болатынын көрсетеді.
7 – сурет. Ащы жусанның сулы сығындысының 1Н ЯМР спектрлері
Кестеде берілген мәндер зерттелетін заттың белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады (6 - кесте).
6-кесте. Ащы жусан функциональды топ компоненттері мен мультиплеттігі
Сигнал |
Функциональды топ |
Мультиплеттігі |
δ, ppm |
1 |
CH3- , CH2- |
s |
0,59 – 2,63 |
2 |
CH3О - |
s, d, t |
3,88 – 4,08 |
3 |
Aроматты көмірсутектер және басқа флавоноидтар |
s, dd |
6,00 – 8,50 |
Аrtemisia absinthium ащы жусаны сулы-спиртті сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы. Artemisia absinthium ащы жусаны сулы-спиртті сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы жоғарыдағыдай жүргізілді. Берілген спектрлерге (8 – сурет) сәйкес ащы жусан құрамында: 1) 0,49 – 2,50 миллионды үлес сигналдары аралығында метилді және метиленді топтар сигналдары түрінде байқалды; 2) 2,70 – 5,50 миллионды үлес сигналдары аралығында метокси топ пен флавоноидтар сигналдары түрінде байқалды; 3) 5,60 – 8,50 миллионды үлес сигналдары аралығында ароматты көмірсутектер мен басқа да флавоноидтар болатынын көрсетеді.
8 – сурет. Ащы жусанның сулы-спирті сығындысының 1Н ЯМР спектрлері
7 – кестеде берілген мәндер ащы жусанның сулы – спиртті сығындысының белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады
7-кесте. Ащы жусанның 1Н ЯМР-спектрі және функциональды топ компененттері
Сигнал |
Функциональды топ |
Мультиплеттігі |
δ, ppm |
1 |
CH3- , CH2- |
s |
0,49 – 2,50 |
2 |
CH3О- |
s, d, t |
2,70 – 5,50 |
3 |
Aроматты көмірсутектер және басқа флавоноидтар |
s, dd |
5,60 – 8,50 |
Қорытынды
Artemisia Absinthium ащы жусанның зерттеу нәтижелерін талқылау:
- органолептикалық көрсеткіштерінормативті құжаттың талаптарына сәйкес;
- ащы жусанның физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталды;
- сулы сығындысының сапалық құрамында органикалық қышқылдар, танин және кумарин, көмірсулар, аскорбин қышқылы бар;
- сулы-спиртті сығындысының сапалық құрамында флавоноидтар, ал қағазды хроматография негізінде сесквитерпенді лактондар анықталды;
- Н ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде ащы жусанның сулы және сулы-спиртті сығындысының құрамындағы функционалды топтары – метил, метилен, метокси топтары, ароматты көмірсутектер және флавоноидтар бар екендігі анықталды. Яғни, ЯМР-спектрометрия әдісі арқылы Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын зерттеу оның қолдану аясына сай маңыздылығын ашып көрсете алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстанның флорасы. Т.8. [ Solanaceae – Compositae]. Алматы, 1998.
2. Ботаникалық иллюстрация «Köhler's Medizinal–Pflanzen». 1997.
3. Северин А.П. Изучение химического состава и фармакологической активности комплексов биологически активных веществ, выделенных из шрота полыни горькой. Курск 2013
4. Қазақстанның иллюстірлік өсімдіктерінің анықтамасы. Т.2.Алма–Ата,1997.
5. Жумабекова С.Д., Тлеубергенова Г.С., Каракучукова А.Б. Күрделігүлділер (Аsteraceae) тұқымдасы өсімдіктердің флоралық анализі /Родная земля ғылыми конф. матер., СҚМУ, 2013.
6. Семенов А.А. Очерк химии природных соединений. –Новосибирск: Наука, 2000.
7. Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А., Толстиков А.У., Музычкина Р.А. Природные флаваноиды. – Новосибирск, 2008.
8. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А «Основы химии природных соединений» – Алматы: Қазақ Университеті, 2010.
9. Аксёнова Л. Полынь - горькая, полезная, красивая //Цветоводство: журнал. - 2008. - № 6. С. 58-61.
10. http://womanadvice.ru/odnoletnyaya–polyn–protiv–raka–kak–prinimat–polyn–pri–onkologii
11. https://alkogolik–info.ru/alkogolnaya–zavisimost/lechenie/narodnye–metody/polyn–ot–alkogolizma.html
12. https://bees.agrogro.ru/article/lechebnye–svoystva–polyni–v–ginekologii
13. Абдуллабекова P.M. «Табиғи шикізаттан алынған биологиялық белсенді қоспаларды жасап шығарудың технологиялық және гигиеналық негіздері». Шымкент. 2008.
14. Аширматова M.H., Шарипова Ф.И., Махатов Б.К.«Влияние фитопрепаратов на обменные процессы». Алматы. 2009.
15. Рахимов Қ. «Қазақ халық емшілігіндегі өсімдіктердің шипалық қасиеті» зерттей түсу – негізгі мақсаттардың бірі. Денсаулық журналы №3, 2008.
16. Исин А. «Дәстүрлі қазақ медицинасының ерекшеліктері». Абай журналы №2, 2008.
17. Отарбаев А. «Жабайы өсімдікті шетке теппейік» (өсімдіктердің емдік қасиеті туралы). Жаршы №2, 2008.
18. Павлов М. Энциклопедия лекарственных растений, 2009.
19. Магомедова С.Р Разработка технологии, исследование и стандартизация гидрофильных препаратов при комплексной переработка сырья: Пятигорск, 2008.
20. Bouchra Saadali et al. Alkamides from Artemisia A. / Driss Boriky, Mohamed Blaqhen, Maurice Vanhaelen, // Phytochemistry. 2010.
21. Гончаров А.Г. Исследование растительного полисахаридного комплекса/ А.Г. Гончаров Т.И. Искаков, Л.Д. Халеева //Актуальные вопросы поиска и технологии лекарств: тез. докл. респ. науч. конф. – Харьков. 2009.
22. Хаитов Р.М. Современные иммуномодуляторы: основные принципы их применения/ Р.М. Хаитов, Б.В. Пинегин // Иммунология– 2011. №2.
23. Сальникова Е.Н. Исследование полисахаридного комплекса полыни горькой (Artemisia absinthium). // Теоретические и практические аспекты изучения лекарственных растений. Томск.2011.
24. Государственная фармакопия 11.е, доп М.: Медицина: Вып. 2. Общие методы анализа Лекарственноерастительное сырье.2012.
25. Государственный реестр лекарственных средств М. Минздрав. 2011.
26. Шмид О. Природные дубильные вещества /Биохимические методы анализа растений М. 2008.
27. Запрометов С. В. Выделение и анализ природных биологически активных веществ // С.В. Запрометов , Е.Е. Сироткина, Краснов Е.А.// Томск. 2007.