Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сумоншақпен жұмыс
Астана қаласы, №76мектеп - лицейінің
Технология пәнінің мұғалімі Нургалиева Б.Т.

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақпен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
2. Дамытушылық. Өз бетімен жұмыс істеу және қорытындылау дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу, эстетикалық талғамын тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сумоншақтан жасалған дайын бұйымдар, интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, нұсқау картасы, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сумошақпен тоқылған талдар, мулине жіптер, сым, алебастр, ыдыс, гуашь ақ, қара түстер, қайшы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
б) түгендеу
Сынып екі топқа бөлінеді
I - топ. «Інжу»
II – топ. «Маржан»
II. Үй жұмысын тексеру

I сайыс. Сұрақ - жауап
1. Бисер деген не?
2. Бисермен тоқу нені талап етеді?
3. Бисер қай кезден пайда болды.?
4. Бисердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
5. Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда пайда болды?
6. Бисер деген сөз арабтың қай сөзінен шыққан?
7. Стеклярус деген не?
8. Бисердің моншақтан айырмашылығы?

II сайыс. Мақал - мәтелдер сайысы. ( интер белсенді тақтадан мақал - мәтелдерді жинақтап, аяқтау)
1. Жеті рет өлшеп..............(бір рет піш)
2. Көз қорқақ......................(қол батыр)
3. Ердің атын......................(ел шығарар)
4. Өнеркөзі..........................(халықта)
5. Ата көрген.......................(оқ жонар)
6. Ата - мұра..........................(асыл қазына)

III. Сарамандық жұмыс.

Қызығушылығын ояту мақсатында интер белсенді тақтадан «Сумоншақпен тоқылған ағаштар»атты бейнебаян көрсетемін. (Ағаш түрлерін көрсетіп жатқанда «Көңіл толқыны күйі» ойнап тұрады)

Осы ағаштардың ішінен қандай ағаштың түрін жасап шығарғыларың келеді?
Ендеше оқушылар, сарамандық жұмысты бастамай тұрып, қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейк.
1. Бисерді ауызға апаруға болмайды
2. Инені тістеуге, ауызға салуға болмайды
3. Желімді көзге жақын ұстамау керек
Ал енді оқушылар талдарды қосып, қайыңды құрастырамыз.
Алдыңғы сабақта жасалған талдарды бір - біріне қосып, қайыңды жасайды.

IV. Қорытындылау.
Бисер тоқу білімділікті, төзімділікті, әдемілікті, шеберлікті талап етеді.
1. Бисермен жұмыс жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық?
- Моншақ түрлерін ажырата аламыз
- Бисерді қолдануды үйрендік
- Шеберлікке үйрендік
- Өз - өзімізге қызмет етуге үйрендік
- Отбасының қаржысын үнемдейміз, өйткені шығын аз болады
2. Сендерге алқа тоқыған ұнайды ма, әлде ағаш түрлерін тоқыған ұнайды ма?
Екеуінде тоқыған ұнайды? Өйткені алқа өзімізге сәндік үшін тағуға, ал ағаштар үйді сәндеу үшін өте қолайлы және адамдарға сыйлауға.

V. Бағалау. Жасаған жұмыстарымен, жауаптарына байланысты және жинаған житондары бойынша оқушыларды бағалаймын.
VI. Үйге тапсырма: Сумоншақтан басқа ағаш түрлерін тоқып жасау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама