Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары
Сабақтың тақырыбы: Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: Газ жинайтын құрал (тұрғы, сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, кальций, су, периодтық кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, физика.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап, реакция теңдеулерін жазып, реакция типтерін ажырата біледі.
Cабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Қызығушылықты ояту»

1. « Миға шабуыл»
1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипаттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал. ат. массасы, молекуласы, сал. мол. массы, валенттілігі, периодтық кестеде орны бар, аллотропиялық түр өзгерісі бар)
3. Химиялық реакцияның неше типі бар?
4. Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция, ол нешеге жіктеледі?
2. « Семантикалық карта»
ІІІ. «Мағынаны тану»
1. «Мені тап»
Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын.
1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,
Ғаламшарда 92 пайызбын.
Бармын газбен көмір, мұнайда,
Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама