- 05 нау. 2024 01:22
- 281
Салт - дәстүр
АЛАКӨЛ.
Қазыналы қазаншұңқыр Алакөлім,
Таңғажайып әсемдікті сенен көрдім.
Ғаламды шарлағанмен табылмайды - ау,
Жер ұйық, қасиетті дара көлім.
Жазирада табиғатқа берген көрік,
Алакөл – жан арманы, далаң қорық.
Мен өмірден өтермін, сен қаласың,
Мәңгілік ұрпақтарға мұра болып.
Құданың алдына жығылу.
(Келініміз Айгүлдің ауылына барғанда)
Ассалаумағалейкум ағайындар,
Төріңе сәлем берген ағайын бар.
Ауылымның суын ішіп, дәмін татып,
Сары сүйек құда болған талайың бар.
Қазағымның туын жықпай алып жүрген,
Ер Қабанбай есімін халқым білген.
Шүршіт пенен қалмақтан қорған болған,
Орта жүз жер шегінен келіп тұрмын.
Өр Алтай, Тарбағатай тауын бөлген,
Ақ Ертіс жағасынан әдейі келгем.
«Осы ауылдың Аққуын тұзақта» – деп,
Елшілікке жолдаған аға - жеңгем.
Ата жолын қуатын ұлдарың бар,
Текті жерде өсірген қыздарың бар.
Дарияның бетіндегі аққу қазды,
Қағатындай томағалы сұңқарым бар.
Пайғамбардың салған жолы елге мәшһүр,
Құдаға жығылу да ата дәстүр.
Ит қосып қусаңдағы қайта келем,
Бойымда үміт болғанымен, көңіл пәс тұр.
Кеш дегенде атаның да құнын кешкен.
Кешірімді сұраймын мына көптен.
Кешірімді сұраймын әкесінен,
Жеткізем деп ұрпағын, терін төккен.
Кешірімді сұраймын бабасынан,
Еркелетіп өсірген даласынан,
Түн ұйқысын төрт бөліп, ботасындай,
Ақ сүтімен өсірген анасынан.
Келген жайым осымен айқындалды,
Сапарымның мақсатын айтып салдым.
Құдалықтың кәдесін көтеремін,
Сақтай жүріп елімнің ата салтын.
Алыс жолдан шаршап келдім ағайын,
Кешер болсаң табалдырықтан аттайын.
Риза болам хақ төріңде шалқаймай,
Орын берсең босағаңда – ақ болайын?!
Құдаларың Тілекқали, Нұрғиза
2008 жылдың тамыз айы.
Қазыналы қазаншұңқыр Алакөлім,
Таңғажайып әсемдікті сенен көрдім.
Ғаламды шарлағанмен табылмайды - ау,
Жер ұйық, қасиетті дара көлім.
Жазирада табиғатқа берген көрік,
Алакөл – жан арманы, далаң қорық.
Мен өмірден өтермін, сен қаласың,
Мәңгілік ұрпақтарға мұра болып.
Құданың алдына жығылу.
(Келініміз Айгүлдің ауылына барғанда)
Ассалаумағалейкум ағайындар,
Төріңе сәлем берген ағайын бар.
Ауылымның суын ішіп, дәмін татып,
Сары сүйек құда болған талайың бар.
Қазағымның туын жықпай алып жүрген,
Ер Қабанбай есімін халқым білген.
Шүршіт пенен қалмақтан қорған болған,
Орта жүз жер шегінен келіп тұрмын.
Өр Алтай, Тарбағатай тауын бөлген,
Ақ Ертіс жағасынан әдейі келгем.
«Осы ауылдың Аққуын тұзақта» – деп,
Елшілікке жолдаған аға - жеңгем.
Ата жолын қуатын ұлдарың бар,
Текті жерде өсірген қыздарың бар.
Дарияның бетіндегі аққу қазды,
Қағатындай томағалы сұңқарым бар.
Пайғамбардың салған жолы елге мәшһүр,
Құдаға жығылу да ата дәстүр.
Ит қосып қусаңдағы қайта келем,
Бойымда үміт болғанымен, көңіл пәс тұр.
Кеш дегенде атаның да құнын кешкен.
Кешірімді сұраймын мына көптен.
Кешірімді сұраймын әкесінен,
Жеткізем деп ұрпағын, терін төккен.
Кешірімді сұраймын бабасынан,
Еркелетіп өсірген даласынан,
Түн ұйқысын төрт бөліп, ботасындай,
Ақ сүтімен өсірген анасынан.
Келген жайым осымен айқындалды,
Сапарымның мақсатын айтып салдым.
Құдалықтың кәдесін көтеремін,
Сақтай жүріп елімнің ата салтын.
Алыс жолдан шаршап келдім ағайын,
Кешер болсаң табалдырықтан аттайын.
Риза болам хақ төріңде шалқаймай,
Орын берсең босағаңда – ақ болайын?!
Құдаларың Тілекқали, Нұрғиза
2008 жылдың тамыз айы.