Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Циклдік алгоритмдерді программалауға есептер шығару
Информатика пәні мұғалімі: Н. Жубаниязова

Информатика 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Циклдік алгоритмдерді программалау.
Сілтеме: Информатика 8 - сынып оқулығы, интернет ресурстары
Жалпы мақсаты: Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік алгоритмдер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, циклдік алгоритмдерге программа құруды үйрету. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін шыңдап, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттер:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу;
- циклдік алгоритмдерге программа құруды білу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері
- Оқушылардың бірін - бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау;
- Берілген тапсырмаларды, топта орындауға үйрету;
- Оқушылардың бір - бірін бағалауға дағдыландыру;
Сабақ түрі, әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, АКТ, Блум таксономиясы, сұрақ - жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже: Циклдік алгоритмдерге программа құруды білу. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

БІЛУ - 3 минут
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм атқарушылары дегеніміз не?
3. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?
4. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
5. Циклдік алгоритмдер дегеніміз не?
6. Циклдік алгоритмдердің жазылу үлгісі қандай?
Берілген сұрақтарға әр топ мүшелері шапшаң жауап беруі керек. Топ жетекшілері белгілеп отырады.

ТҮСІНУ - 10 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы қорғайды. Постерге түсіреді.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар:
арифметикалық цикл — FOR,
шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE
шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

ҚОЛДАНУ – 10 мин
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмаларды орындау:
1 - ден 100 - ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу программасы. (5 дейін)
Program esep; uses crt;
var S, i, S1: longint; k: real;
begin clrscr;
Writeln('1 - den 5 - ke deingi sandardi shigaru');
S:=0; S1:=0;
For i:=1 to 5 do Begin
if i mod 2=0 then s:=s+i else s1:=s1+i;
writeln(s, ' ', s1); end;
end.

ТАЛДАУ – 7 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.
сұрақтары мен тапсырмалар:
Цикл дегеніміз не?
Циклдік оператордың қанша түрі бар?

ЖИНАҚТАУ - 6 мин
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Компьютерде практикалық жұмысты орындау.
Алғашқы 10 натурал санның қосындысын есептеу программасы.
Program esep; uses crt;
var S, i: integer;
begin clrscr;
For i:=1 to 10 do
S:=S+i;
write (s);
end.
1 - ден n - ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру.
Program esep; uses crt;
var S, i, n: longint; k: real;
begin clrscr;
Writeln('1 - den n - ge deingi sandardi engiz');
readln(n);
i:=1; S:=0;
while i<=n>
Begin S:=S+sqr(i);
i:=i+1;
writeln(s); end;
end.

Бағалау 2 минут
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру / 1минут
Үйге: Циклдік алгоритмдерді программалау тақырыбын оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Рефлекция / 1 минут
Стиккерлер тарату.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама