Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Т дыбысы мен әрпі.
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
• Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
• Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
«Сауат ашу әлеміне саяхат» бейнетаспа көрсету.
Мұғалім: Бала деген бақытты еліменен,
Құдіретті қолында әлем деген.
Бүгінгі жиналған қонақтарға,
Басталсын оқу іс - әрекетіміз, сәлемменен!

Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз!
Ұран: Біздің топта ұл - қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз!
- Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау.
Қандай дыбыспен таныстық? (А а дыбыспен)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауысты)
А а дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: Ай, дала, ала.
• басында
• ортасында
• барлық буында

II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. (түлкі)
- Дұрыс, балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Т әрпімен танысамыз.
Т әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Т т әрпін ауада жазу.
- Жарайсыңдар, балалар!

Дәптермен жұмыс. Дәптерді ашып Т әрпін жазуды ұсыну. (балалар
т әрпін дәптерге жазады)
Ал, енді балалар « Т т» әрпін мына таяқшадан құрастырайық.
«Сиқырлы таяқша» ойыны.
Шарты: «Т т» әрпін таяқшалармен құрастыру.
- Балалар, « Т т» әрпін тағы да неден жасауға болады? (ермексаздан)
- Дұрыс, мына алдарыңда тұрған ермексазды пайдалана отырып, « Т т» әрпін мүсіндейікші балалар. (ермексазбен жұмыс)
- Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар шамалы саусақтарымызды демалдырып сергіп алайық. « Топ - топ балақан»
- Жарайсыңдар, балалар!
«Ойлан тап» ойыны. Әріптер арасынан « Т т» әрпін тауып бояу.
Т А У Т Б Т Л Т Н К Т С
- Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді балалар суреттерге мұқият қарап, құрамында «Т т» әрпі бар суреттерді көрсету. Мысалы: тау, тауық, ту.
«Сөздер жазу» Балалар алдарыңдағы кеспе әріптермен то, та, ту, тау, тас, ата, тай, тал деген сөздерді жазайық.
- Жарайсыңдар, балалар, сендер тапқыр екенсіңдер!
- Бүгін қандай әріппен таныстық? ( Т т әрпі)
-« Т т» әрпі қандай дыбыс? (дауыссыз)
Бағалау: - Жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырмаларды орындай білдіңдер! Тапқыр, білімді екенсіңдер. Сендерге көп көп рахмет айтамын.
Сау болыңдар!

Дефектолог - мұғалім А. Сейдахметова
Т дыбысы мен әрпі. жүктеу
Т дыбысы мен әрпі. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама