Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
Сабақ атауы: Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. (7 сынып)
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, оқулық, тапсырмалар жинағы, электронды оқулық
Жалпы мақсаты: 1. Физика ұғымын, физикалық терминдер мен ұғымдарды түсіндіру.
2. Пәнге қызығушылығын арттыру
3. Өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, пайымдауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Физика ұғымын біледі оның техникамен байланысын түсінеді
Табиғат құбылысын түсіндіреді, физик ғалымдардың еңбегін айтады
Физика ғылымын басқа ғылымдардан ажыратады
Ғылыми төңкеріс ғасырдың болуын бағалайды
Негізгі идеялар: Физиканың мақсаты – табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
Лазердің дүниеге келуі.
Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.

Мұғалім іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды техника, құбылыс, материя сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді топқа бөліп орналастыру түстер бойынша бөлу
ІІ. Физика курсы жайлы шолу жасау

ІІІ. Жаңа сабақ
І. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?
Физиканың мақсаты неде?
«Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
ІІ. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

V. Дамыту кезеңі
- жаттығу (1, 2).
есептің шығарылу жолы талқыланады тақтада шығарылу жолы жазылады
VІ. Қорытындылау
Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)
Аспан денесін көрсет:
Тікұшақ
Ағаш
Комета
Ауа
Қайсысы физикалық дене?
Автомобиль
Ауа
Килограмм
Қайнау
3. Қайсысы зат болып табылады?
Ай
Жарық
Мыс
Грамм
4. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?
Шардың қозғалысы
Қоңыраудың сыңғыры
Таңның атуы
Қардың еруі
«Физика» атауы нені білдіреді?
A. Табиғат
B. Адам
C. Қоғам және техника
D. Космос
E. Жануарлар мен өсімдіктер
6. Тұңғыш қазақ ғарышкері -
A. Т. Мұсабаев
B. Т. Әубәкіров
C. Ю. Гагарин
D. Н. Басов
7. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
A. Микроскоп
B. Телескоп
C. Лупа
D. Бинокль
8. Материя дегеніміз -
A. Тастар
B. Ағаштар
C. Өсімдіктер
D. Табиғаттағы кез - келген зат
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

Көксу ауданы, № 12 орта мектеп КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Нургалиева БибигульСейтжапаровна

Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама