Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Білімділік мақсаты: Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістерімен таныстыру. Эсперименттік әдістің негізгі қызметімен таныстыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Зат құрылысының молекулалық - кинетикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.
САБАҚТЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен, жаттығулар орындау, лаборатория, танымдық ойындар, сынақ жүргізу.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Графопроектор, телевизор, видеомагнитофон, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ДК. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ, ҚАЙТАЛАУ.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. БІЛІМДІ ЖАН - ЖАҚТЫ ТЕКСЕРУ:
1. Физика заңдары қалай ашылады?
2. Физикалық теориялар қалай жасалады?
3. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
4. Қандай ұғымдарға түсінік бере аласыңдар?
5. Физикалық денеге не жатады?
6. Зат дегеніміз не?
7. Материялық не жатады?

ІV. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ӘЗІРЛІК, МАҚСАТ ҚОЮ.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерімен, физикалық эксперимент пен теориясымен таныстыру.

V. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Бақылаулар мен тәжірибелер
Компас тілі әрқашанда солтүстікті көрсететінін; егер затты қолдан түсіріп алсақ, онда ол еденге құлайтынын, егер жалынға қол тигізетін болсақ, онда қолды күйдіріп алатынын және т. б. әркім біледі. Мұны біз қайдан білеміз? Жалпы білім қайдан пайда болды? Олардың көпшілігіне адамдар өздерінің күнделікті бақылаулары арқылы қол жеткізді. Алайда физикада, кейбір басқа ғылымдардағыдай (мысалы, биология, химия), білімді тек бақылаулардан ғана емес, сондай ақ тәжірибелерден де алады. Тәжірибелердің (немесе эксперименттердің) қарапайым бақылаулардан ерекшелігі сонда, оларды белгілі бір мақсатпен, алдын ала ойланған жоспармен жүргізеді және тәжірибе жасау кезінде әдетте арнайы өлшеулерді орындайды. Мысалы, доптың құлап түсуін бақылай отырып, біз тек оның тік төмен құлайтынын ғана байқаймыз. Ал құлап түсу процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретінін зерттеп білу үшін арнайы тәжірибе қою керек. Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі шарларды тастаған деген аңыз бар (3 - сурет). Олардың құлап түсуін бақылай отырып және сол кезде қажетті өлшеулерді орындай отырып (мысалы, дененің құлап түсу уақытын өлшей отырып) денелердің құлап түсу заңын тағайындаған. Сонымен, физикалық білімдердің көзі бақылау мен тәжірибелер болып саналады. Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірибеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кеңінен қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады Мысалы, осы оқулықта қарастырылатын Гук заңы? Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап кетуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері..

Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Мысалы, аспан денелерін бақылаудың арқасында, олардың қозғалысы белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны ашылды.
2. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жана деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? деген негізгі сұраққа жауап
іздейді. Егер құбылыстар арасындағы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, он да оны табиғат заңы түрінде сипаттайды. Жекелеген заңдылықтар арасында жүйелі байланыстар табы - латын болса, онда оларды ғылыми теорияға біріктіреді. Табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ашуда мәселені проблема түрінде айқындаудың маңызы орасан зор. Ғалымдардың пайымдауынша, проблеманың дұрыс қойылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тең.
Жоғарыда айтылған ұсыныстарды Гук заңын тағайындайтын эксперимент үшін қолданайық.
3. Эксперименттік жұмыстың тақырыбы: Гук заңын эксперимент әдіспен тексеру.
Эксперименттің мақсаты. Серіппеге ілінген жүктердің әрекетінен оның созылуын анықтау.
Эксперименттің проблемасы. Серіппенің созылуы және оған белгілі күштермен әрекет еткен жүктердің арасындағы заңдылық байланысын ашу.
Эксперимент сұлбасы. Сұлба 17, б - суреттегідей айқын сызылып, құрал - жабдықтардың әрқайсысы дәл көрсетілуі керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама