Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тағамға дәм келтірудің 15 амалы

Жасаған тағамымыз жақындарымыздың көңілінен шығуы үшін қиын рецептерді іздеп, тамақ жасауға көп уақытымызды кетіреміз. Ал негізінде қарапайым тағамдардың дәмін келтіру үшін көп нәрсе қажет емес екен. Егер сіз ас үйде эксперимент жасағанды жақсы көретін болсаңыз, онда шебер-аспаз болуға жақындататын қулықтарды ұсынамыз.

Ет қара өрікпен тамаша үйлеседі

Етті бұқтырып жатқанда кепкен жемісті салатын болса, керемет дәмді болады.

 

Гүлшетен, сәлбен, орегано, майоран, жебіршөпті тамақты қуырып бастағанда қосқан дұрыс

Сонда олар хош иісін барынша бөледі. Ал ақжелкен, аскөк, кинза, жасыл пияз, насыбайгүл пен эстрагонды тамаққа соңғы болып қосыңыз. Әйтпесе ол түсі мен хош иісін жоғалтып алады.

 

Ас бөлмеңізде әрдайым соя тұздығы болсын

Ет тағамдарына да, көкөніс тағамдарына да бірнеше тамшы тамызу арқылы дәмін келтіруге болады.

 

Көкөністі су қайнаған уақытта салыңыз

Осылайша ол дәмінен айрылмайды және дәрумендері көбірек сақталады.

 

Қант ет, теңіз өнімдері, көкөкністердің дәмін келтіреді

Сондықтан бір шөкім қантты тағамға тұзбен бірге қосқан жөн.

 

Бидай ұнын қарақұмық, тары, сұлы және т.б. ұнның басқа да түрлерімен араластырыңыз

Бұл печенье мен кекстерді дәмдірек етіп, пайдалылығын арттырады.

 

Етті дайындау үшін фольга пайдаланыңыз

Сонда ет жұмсақ, балбырап піседі. Бұған қоса ол бұқтырылған сияқты дәмге ие болады, бірақ иісі мен майы болмайды.

 

Макарон өнімдері жабысып қалмас үшін

Қайнаған суды төгіп тастамас бұрын оған суық су құйыңыз да, бетін жауып 5 минуттай ұстай тұрыңыз.

 

Егер шикі сосискаларға

Қыша жағып, өсімдік майында қуырса өте дәмді болады.

 

1 ас қасық сода мен 1 стақан судың ерітіндісіне пияз сақиналарын салып қою арқылы пияздың ащылығын басуға болады

Бұл әдісті пияз қосылған салат жасағанда пайдаланса болады.

 

Грек жаңғағы мен алма қосылған сәбіз салатына

Жанжабілді үгіп қосса өте дәмді болады.

 

Вафельдер томпақ болып піскенін қаласаңыз

Құрамындағы сүтті азайтып, оның орнына минералды су құйыңыз.

 

Етке тұзды соңында немесе дайын болғанда салу керек

Егер басында салатын болсаңыз, сөлінің бәрі тартылып, ет құрғақ әрі қатты болады.

 

Сығындыларды пайдаланыңыз

Таңертеңгілік кашаға жаңғақ сығындысын, жалбыз сығындылары шоколад десерттерімен тамаша үйлеседі.

 

Мұздатылған лимондар – ең жақсы дәмдеуіш

Жуылған лимонды мұздатқышқа салып, керек кезде қабығымен бірге үккіштен өткізіңіз. Лимон қосылған тағамдар ғажайып дәмге бөленеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама