- 21 сәу. 2015 00:00
- 278
Тәкәпәршілік
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:
- Еңкей, еңкей - деп.
Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:
- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:
- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды; және көзіммен көрдім: басын жоғары көтерген тәкәппәрлердің нешеуінің, әлек болғанын - деп.