Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Таңдаумен ұштасқан өмір

Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқанда, өмірдің бір материясы болып қарастырылады, сәйкесінше, өмірлік жолды да таңдайды. Ол көпадасып, бір келуі мүмкін не алма – кезек жақсылық пен жамандықты ұштастыра соның арақыл көпірінде жүруі  мүмкін , мүлде ең сорақысы сол бір адасқан жолдың  қапасында қалып, фәни өмір дүниесіне құлшынып, жүрегін темір тот басып, заты адам дегенінен құр қалуы мүмкін. Оған бір Жаратушы Хақ Тәңір әлбетте түнде де  көре алатын ақиқат жолын салып береді. Адам баласының өмірі – таңдаудан тұратын ойын – мыс.

Біз бәрін де өзіміз таңдаймыз, ұсақ – түйек заттан едәуір маңызды затқа дейін де. Осының ішіндегі адал жол, таза несібе, отбасы қажетіне жақсы жарар болатын мамандық пен келер өмір мен осы өмірде жаныңнан әр кез табылып, қорған болар шаңырақ – жарың, һәм жолдасыңды да.

Ата – ананы біз таңдамаймыз, психология пәнінде мынадай бар,  адамды холерик, меланхолик тағы осындай сынды типтерге бөліп ажыратады. Айтқым келетіні, әр адамның тұрқы басқа, жан дүниесі, қоршаған ортасы, айналысатын ісі, сүйетін заты ол адамның ойында тұратындықтан, әрекетінде айқын көрінеді. Мұны келтірген себебім, ата – ана қандай болмасын – баласы ол адамдар үшін дұғада жүруге міндетті, тірі кезінде бағаламай, о дүниеге аттанғанда көзінен жас шығып, қапаланып, сағы сынып жатқандар да бар. Енді біреулері «әкем бар болса екен десе, келесі біреулері әкем бай болса» дейді. Олар ата – аналарын заман талабына сай болғанын қалайды, ал ата – анасының ойы мен жағдайын, хал – аһуалын жөндеп сұрамайды, әр кез ата – ананың көңілін іздеп, олардың разылығын алу қажеттігін қазіргі жас ұрпақ әсте жадыда сақтамайды. Алланың  разылығына жетуге ұмтылу дегеніміз – ата –ананың разылығына ұмтылумен тең.  

Адам өмірі  арқанның  қысқа сабындай, кешегі күнде мектепке аяқ басқаныңыз бар болса, екіншіде мәңгілік сапарға аттанғаныңызды сезінесіз.

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факультеті

  1 - курс студенті 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама