Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тарих - ғасырлар куәсі
Сайыстың тақырыбы: «Тарих – ғасырлар куәсі».
Сайыстың мақсаты: 1.Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру.
2.Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу
3.Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, сайыстың
жоспары ілінеді.

Сайыстың барысы: «ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ, »- деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
«Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.Олай болса бүгінгі: «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1...
2...
3...
І-тур.Таныстыру.(5 балл)
ІІ-тур.Сәлемдесу. (5 балл)
ІІІ-тур.Танымдық сұрақтар. (5 балл)

7 «а»сыныбына:
1.Түркеш қағанатының астанасын ата:
Жауабы: Суяб, екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.
2.Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:
Жауабы: ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.
3.Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, фаракия, лазана.
4.Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:
Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибрахим ата т.б.
5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?
Жауабы: Шегу қаған.


7 «ә» сыныбына:
1.Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы: Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін т.б.
2.Оғыз мемлекетінің астанасын ата:
Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)
3.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:
Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.
4.Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?
Жауабы: Сатұқ Боғра –хан.
5.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?
Жауабы: Ұмай анаға.

7 «б» сыныбына:
1 «.Сардоба» деген қандай құрылыс?
Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.
2.Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?
Жауабы: Қаған.
3.Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?
Жауабы: 965 жылы.
4.Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:
Жауабы: Земарх.
5.Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?
Жауабы: 20 жылға.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама