Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тарихи жеңіс

Заман ағымына сай көптеген жастар интернет желісі арқылы өз кәсібін жүргізуде. Тіпті оны жүргізіп қана қоймай, өмірінің ажырамас бөлігі етіп, оқырмандарын әртүрлі ойындармен қуантуда. Бұны бірі жеңіл табыс, арзан атақ, жалған сыйлықтар деп айыптаса, дәл солай қолдаушылары да аз емес. Бірақ бүгін жеңілдің үстімен, ауырдың астымен, оқырман ізлеген блогерлер жайында емес!

Әлемде қаншама халық арасында өзінің әдет-ғұрпын сақтап, мәдениетін жоғары бағалайты қазақ халқы, бұрыннан бері аға-жолдас болып, әрдайым бір-бірін қолдап, қол ұшын созып жүргені мәлім. Сол замандағы "Асар", "Жылу жинау" дәстүрлері білеңдей отбасыны аяққа тұрғызса, бүгінде бұл салттардың аты аталмаса да, жөн-жоралғысы желіні жаруда.

Жастар арасында "Кең болсаң, кем болмайсың" ұранын ұрандатып, әртүрлі жазбалар түсіріп жүрген жас отандас, блогер Жансерік Қадырбаев осыдан бірер күн бұрын, небәрі бір күн ішінде оқырмандарынан 31 миллион теңгені игі іске жинаған болатын. Ауыр індетке ұшыраған 2 жасар Эмирдің батыр ата-анасы, үміт шырағын сөндірмей отқанды. Бүкіл елді бір жұдырыққа жұмылдырған Жансерік ісін, "Тарихтағы жеңіс" атымен атап өткен еді. Енді кішкентай бүлдіршіннің шет елде ем алуына мүмкіндік пайда болып, Эмирдің ата-анасынан алғыс сөздерімен қоса, біздіңде елімізде осы ауыруға қарсы тым болмаса, уақытша көмек беретін дәрі-дәрмек жасауды өтінген болатын. Себебі Эмирдің басындағы қайғы елімізде бір ғана емес екендігін атап айтты. Расыменде "көп түкірген - көл" демекші тарихтағы бұл бір жеңісіміз ғана болып қалмай, осылай жалғастыруға ат салысатын жастарымыз көп болғай дейміз. Ал блогердің ұсынысы осы дәстүрді челендж ретінде айналдырып, игі істермен ғана жарысуға кеңес бергенді.

Куатова Аселя Куанышбековна


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама