- 28 шіл. 2018 00:00
- 339
Тас ғасырында тіршілік етіп жүрген тайпа жойылудың алдында
Ярава тайпасы Үнді мұхитының Андаман аралдарында 50 адамнан тұратын көшпелі топ болып тіршілік етеді. Олар мұнда Африкадан қоныс аударып келген және олардың саны қазір 400 адам шамасында.
Олар садақ пен жебені пайдаланып аңшылық жасайды, маржан рифтерінен балық аулайды және жемістер мен бал жинайды.
1990-жылдары Үндістан үкіметі оларға жайлы, заманға сай жағдай жасап бермек болды. Бірақ Ярава одан бас тартты.
55 000 жыл бойы тайпа балығын аулап, терімшілікпен айналысып тып-тыныш өмір сүрген еді. Бірақ басқа адамдар оларға да жақындап, жол сала бастады.
Енді мұнда Ярава тайпасына «сафари-бақтағы жануарлар» сияқты қарайды деп айыпталған туристер топ-тобымен келіп жатыр.
Браконьерлер оқшау жатқан аралға да аяқ басып, ну ормандағы тайпаның тіршілігіне қажетті жабайы аңдарға аңшылық жасап жүр.
Қазір тайпадағы адам саны 400-ге жуық. Бірақ алдағы он жылда олар жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген қауіп бар.
Яраваның жасы 50-ден 55 мың жыл шамасында деп есептеледі. Әрі қарай суреттер сөйлесін...