Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тастар әлеміне саяхат
Білім беру саласы: «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным».
Бөлімдері: Қоршаған орта, Жапсыру, Құрастыру,
Тақырыбы: «Тастар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Тастың құпиясы туралы білімдерін қалыптасуына мүмкіндік беру, құрылымын тамашалау, тастарды қасиетіне қарай топтастыру (үлкен, орташа, кішкентай), сырты (тегіс, бұдырлы), салмағы (жеңіл, ауыр), жүзгіштігі – суға батады. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын, шығармашылығын дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, тусіндіру, тәжірибе, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Тастар.
Билингвальды сыңары: тас – камень,
Заттық дамыту ортасы: суреттер жинағы, ыдыстағы су, тастар жиынтығы, екі тәрелкеден, ағаш, үлкен - кішкентай тастар, үлгі суреттер, слайд.
 Мотивациялық қозғаушылық
 
Армысың алтын Күн!
Армысың Жер ана!
Армысың достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Ұйымдастырушылық - ізденістік
 Сұрақ - жауап:
 
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жарайсыңдар, көктем мезгілінде табиғат ана оянады. Балалар, табиғат нешеге бөлінеді? (екіге бөлінеді, тірі және өлі)
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше балалар біз қазір тірі және өлі табиғатты атап ажыратып жіберейік.
Ойын тапсырма: «Тірі және өлі табиғат»
Шарты: тірі және өлі табиғат суреттерін ажыратады.
- Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады? Қай табиғат түріне жатады? (Тас, өлі табиғатқа жатады)
- Балалар, тастарды біз қайдан көреміз? (жерден, таудан, су астынан)
- Олай болса, балалар бүгін біз тастар әлеміне саяхатқа барамыз ба? (Иә)
Сиқырлы сөзер айту арқылы тастар әлеміне бару.
Бір, екі, үш,
Тастар әлеміне түс!
- Ой, балалар мінекей біз тастар әлеміне келдік. Қараңдаршы мұнда неше түрлі тастар бар екен. (Балалардың назарын слайдқа аудару)
 - Барлығымыз тақтаға назар аударайық, шынымен де тастар судың астында, жерде болады екен және үлкен тастар да болады екен.
Билингвальды сыңары: тас – камень.
 - Тастардың көлемі бірдей ме екенін анықтап көрейікші. Ең үлкен, орташа, ең кішкентай тастарды тауып көрсетіндер. Тастардың көлеміне байланысты қандай қорытынды жасауға болады? (Тастардың көлемі әр түрлі болады)
- Тастарға мұқият қараңдар, олар қандай түсті қандай екенін айтындар. (қызыл, сары, көк. ақ, қара, қоңыр, жасыл)
 - Енді балалар біз тастың сыртқы жағының тегіс немесе бұдырлы екенін анықтайықшы. Қазір біз әр тасты сипаймыз. Тегіс тастарды ақ ыдысқа және бұдырлы тасты көк ыдысқа бөліп салайық.
Тәжірибе «Салмағын анықтау»
- Енді тастың салмағын тексерейік. Салыстыру үшін тасты және ағашты алайық. Суға тасты және ағашты саламыз. Біз не көріп тұрмыз? Тас неге батып кетті? (ағаш жеңіл, тас ауыр. Тас ауыр болғандықтан су түбіне батып кетті)
Сергіту сәті: «Құм, тас, су»
«Құм «дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру. «Тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «Су» дегенде толқын жасап қозғалу.
- Балалар, біз тастарды қайда пайдаланамыз? (таспен үй соғамыз, жол жасайды)
- Дұрыс айтасыңдар, тастарды көбінесе құрлыста пайдаланады.
- Біз бүгін оқу қызметімізде алдарымыздағы тастармен үлгі суреттегі заттардың бейнесін құрастырайық.
Ойын тапсырма: «Кім епті?»
Шарты: үлгі суреттегі бейнеленген бейнені таспен құрастыру.
Балалардан ненің бейнесін құрастырғанын сұрау.
- Балалар тақтаға назар аударайық. Мұнда тастардың бетіне әр – түрлі суреттер салынған екен. Біз тастың бетіне сурет жабыстырып көрейік.
Балалар берілген жапсырмақтарды тегіс тас бетіне жабыстырады.
Дидактикалық ойын: « Түсіне қарай орналастыр»
Шарты: берілген суреттегі жетіспей тұрған түстерге түрлі - түсті тасты орналастырады.
Тосын сый: шыныдағы тастар арасынан түрлі - түсті жарық көрінеді. Балалардың назарын тастарға аударып, балаларға арналған тас тәттілерін алу.
- Балалар, біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды, сиқырлы сөзімізді айтып балабақшамызға оралайық.
Сиқырлы сөзді айту.
Бір, екі, үш,
Балабақшаға түс!
Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?
- Немен таныстық?
- Тастардан не құрастырдық?
Оқу қызметі соңын балаларды мақтап, мадақтап аяқтау.

Күтілетін нәтиже:
 
Біледі: Тастардың құпиясын тәжірибе жасап біледі.
Игереді: тегіс тас бетіне жапсырмақ жабыстыруды;
 Меңгереді: тастардан түрлі бейнелерді құрастыруды, түстеріне қарай орналастыруды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
 Сейітқадыр Перизат Алдиярқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама