Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тәтті тағамдар дайындау үлгілері

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Тұ-53 топ студенті Пердебаева Раушан Жексенбайқызы
Жетекшісі: Асанова Ләззат Амангелдіқызы   

Тәтті тағамдар — бұл дегеніңіз, сіздің таңғы асыңызға береке енгізуші. Тәтті басталған таң сізге керемет көңіл күй сыйлар еді, отбасыңыздағы қуанышты дастархан куәсі болар еді. Үй жағдайында дайындалған торт — Сіздің отбасыңызға деген Сүйіспеншілігіңіз бен Махаббатыңызды паш етуші. Өз қолыңызбен жасалғандықтан мейіріміңіз араласа жүрер еді.

 

Эклер — қайнатпалы қамырдан пісірілетін ішіне крем салынған дәмділер.

Құрамы:
Су – 1 стакан (200 мл.)
ұн – 1 стакан (130 г.)
сары май – 100 г.
Жұмыртқа – 3 дана
Тұз – 0,5 шай қасық
Қою қайнатылған қантты сүт (вареная сгущенка) – 1 банка (қажетінше)
Дайындалуы:
Ыдысқа суды құйып отқа қоясыз. Майды және тұзды қосасыз. Бәрі қайнаған кезде ұнды салып, түйнектер пайда болмауы үшін үнемі араластыра отырасыз. Өте баяу отта араластырып 1-3 минуттай ұстайсыз.

Джем қосылған үгілмелі пирог

Дайындалуы ұзақ болса да, сіздің алтын уақытыңызды ақтайтын бұл мәзірдің дастарханыңыздан орын алуға толық құқы бар. Қайталанбас дәмге ие пирогты дайындауға асығыңыз! :)
Құрамы:
– 2 дана жұмыртқа
– 4 стақан ұн
– 200 гр маргарин/сары май
– 1 стақан қант
– ванилин, қопсытқыш
– джем/тосап
Дайындалуы:
Маргаринді жәй отта ерітіп, оған қант пен жұмыртқаны қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, үстіне ұнды елеп саламыз. Қопсытқыш пен ванилинді де ұнмен бірге қосқан жөн.


 
Түрлі түсті кекс

Құрамы:
Ұн – 1 стакан
Маргарин немесе сары май – 125 г.
Секер – 1 стакан
Жұмыртқа — 3 дана
Өсімдік майы – 2 ас қасық
Қопсытқыш – 1 шай қасық
Мак — ¼ стакан
Какос жоңқасы – ¼ стакан
Какао – 1 ас қасық

Дайындалуы:
Жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызын бөліп алыңыз. Маргарин мен жұмырқаның сары уызын жақсылап араластырып, ұнмен араласқан қопсытқышты және өсімдік майын қосып араластыруды жалғастырыңыз. Ал жұмыртқаның ақ уызын секермен аппақ көбік тәрізді болғанша миксермен соғып алыңыз да (жұмыртқаңыздың ыдысын төңкергенде түспейтіндей соғылуы керек), жаңа дайындап қойған қоспаңызға салып, ұқыпты бір қалыппен араластырасыз.

Жержаңғақ қосылған пирог

Бүгінгі мәзір күтпеген уақытта үйіңізге қонақ келгенде сізді құтқарып қалатыны анық. Шәйға ұсынатын бұл пирог тез дайындалып қана қоймай, тәтті дәмімен ерекше.

Құрамы:
– 200 гр сары май не маргарин;
– 3 дана жұмыртқа;
– 1-1,5 стақан қант;
– 1 ас қасық мак;
– 2-2,5 стақан ұн (елегіштен өткен);
– 10-15 гр қопсытқыш (разрых.);
– ванилин мен жержаңғақ.

Дайындалуы:
Алдымен маргаринді жәй отта ерітеміз, оның үстіне қант қосамыз. Қант еріген соң жұмартқаларды жарып саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, мак қосамыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Тамақ өнімдерін тану. К.Кузембаев, Г.Кузембаева.
2. Аспаздық. К. Кузембаев.
3. Ғаламтор желісі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама